Аудан әкімдігі тарапынан жалпы құны – 8,6 миллиард теңгені құрайтын 10 елді мекенде ауызсу желілерінің құрылысы аяқталды. Атап айтқанда, Ноғайбай, Отар, Қордай, Қайнар, Степное, Қарасу, Еңбек, Сарыбұлақ, Соғанды және Бәйтерек ауылдары орталықтандырылған таза ауызсумен толық қамтамасыз етілді.
Бүгінгі таңда тағы 4 елді мекенде – Шарбақты, Күнбатыс-2, Алға және Гвардейск ауылдарында ауызсу құрылыстары қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар Қарасай батыр, Қызылсай, Керу, Көктөбе, Сұлутөр, Үлкен Сұлутөр, Кенен, Бел, Жаңатұрмыс және Күнбатыс-1 ауылдарын тіршілік нәрімен қамту мақсатында жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге жобалаушы мекемелермен келісімшарт жасалды. Өңірде биыл 15,4 миллиард теңгеге 36 ауылдық елді мекенді ауыз сумен қамту жоспарлануда.
Нәтижесінде, өңірдегі ауылдарды сапалы ауыз сумен қамтылу деңгейі 100 пайызды құрайды.
Aq jol-Аqparat
Ұқсас жаңалықтар
Балаларға күлкі мен ой сыйлаған қаламгер
- 19 ақпан, 2026
Кедергісіз орта қалыптастыра аламыз ба?
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




