
Іс-шараға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков қатысып, автобус кілттерін салтанатты түрде табыстады. Шаһар басшысы жолаушылар тасымалын жандандыру мен жолаушылар мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып, қоғамдық көліктерді жаңарту ісі алдағы уақытта да жалғасын табатындығын жеткізді.
– Қазіргі таңда қоғамдық көліктердің қызметін жақсарту, жүргізушілердің мәдениетін көтеру мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету басым бағыттарымыз саналады. Сондай-ақ жолаушылар көлігін жаңарту ісі жанданып келеді. Бүгін міне, қаланың қоғамдық көліктері жаңа 20 автобуспен толықты. ZHONG TONG маркалы жаңа автобустар дизель отынымен жүреді. Соңғы екі жылда жаңартылған қоғамдық көліктер саны 310-ға жетті. Жаңа қоғамдық көліктердің ішінде 10 автобус – №1 бағыттағы тозығы жеткен ПАЗ және ДунФен автобустарын алмастырады. Ал 8 автобус – №62 бағытқа қосылса, 2 автобус – резервте болады. Жыл соңына дейін қосымша тағы автобустар сатып алып, 5 бағытты іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл қала аумағына жаңадан қосылған елді мекен тұрғындарына қызмет етпек,– деді шаһар басшысы.
«Smart City Service» серіктестігі тарапынан жеткізілген қоғамдық көліктердің біреуінің жалпы сыйымдылығы 90 адамды, ал орындықтар саны 28-ді құрайды. Қоғамдық көліктер толықтай пандуспен, ішкі және сыртқы бақылау камералары және кондиционермен жабдықталған. Айта кетейік, жыл басында ашылған №62 бағыт бүгінге дейін Талас стансасы мен Талас алқабы арқылы «АуылБереке» базарына дейін қатынаған. Енді бұл бағыт Нұрлы жол көшесі арқылы «Солнечный» алқабына дейін ұзартылатын болады. Жаңа автобустар қала тұрғындарының қауіпсіз әрі жайлы жүруін қамтамасыз етеді. Өңір экономикасын дамытып, жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған жұмыстар легі алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Облыстық мәслихат депутаттарының назарына
- 26 шілде, 2025
Мәдениет ошағы – ауылдың рухани айнасы
- 26 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді