Бұл жолы 15 тұрғынның тарапынан жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары, құрылыс, кәсіпкерлік, туризм салаларына қатысты ұсыныс-пікірлер айтылды.
Өз кезегінде Ербол Қарашөкеев халық көтерген түйткілдер қараусыз қалмайтынын айтып, мәселелерді шешімін тапқанша өз бақылауында ұстайтынын атап өтті. Келіп түскен өтініштерді жан-жақты зерделеу бойынша Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне, басқарма басшыларына бірқатар тапсырма жүктелді.
Еске сала кетейік, облыс әкімінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауы алдын ала жазылу арқылы тұрақты негізде жүргізіледі. Ол үшін тұрғындар E-Otinish ақпараттық жүйесі арқылы немесе Тараз қаласы, Абай даңғылы, 127 мекенжайында орналасқан «Азаматтарды қабылдау» орталығына келіп жазыла алады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




