
– Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы экономика үшін сұранысқа ие кадрларды даярлаудың нақты мүмкіндігі. Біз іс-шаралар жоспарын бекіттік, штаб құрдық, ең бастысы, бұл процесті инвестициялық жобаларымызбен байланыстырдық, – деп атап өтті Ербол Қарашөкеев.
Білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршыбековтің айтуынша, 2025-2026 жылдары «1С» сертификаттау орталығын құру, 220 орындық жатақхана салу, алты салалық хаб ашу, жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту, сондай-ақ шетелдік инвесторларды тарта отырып, жаңа мамандық ашу жоспарлануда.
Өңірде кәсіпорындар, колледждер мен жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы 98 меморандумға қол қойылды. Нәтижесінде, 3 607 студент дуалдық оқыту жүйесімен қамтылды. Еңбек нарығын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында жұмыс берушілердің бастамасы бойынша жұмысшы мамандықтары негізінде оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде 570 мақсатты орын бөлінді. №9 Меркі колледжіне «Мерагро Холдинг» серіктестігі «Токарьлық іс» кабинетінің құрылысына 4 миллион 506 мың теңге инвестиция тартты.
QyzylshaZher кәсіпорны қолдауының арқасында №10 Шу колледжінің базасында «Агрономия» мамандығы бойынша құзыреттер орталығы ашылды. «Қазфосфат» серіктестігі «Шолақтау» тау-кен өндірістік комбинаты базасында әлеуметтік серіктестікті дамыту жөніндегі жасалған меморандум аясында «Химиялық және техникалық саласы бойынша» құзыреттілік орталығы құрылды.
№8 Мойынқұм колледжінде «Дәнекерлеу ісі», «Электрмен жабдықтау» мамандықтары бойынша оқу шеберханасы салынуда. Құлан агротехникалық жоғары колледжінде агро-хаб ашуға 10 миллион 227 мың теңге бөлінді. Жаңатас көпсалалы колледжінде AutoSkills кешенінің құрылысы жүргізілуде. №9 Меркі колледжінде IT-хаб ашу жоспарлануда. Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде KNAUF кәсіпорнымен әлеуметтік әріптестік негізінде инвестиция көлемі 25 миллион теңге болатын оқу орталығын ашу жоспарлануда.
№9 Меркі колледжінде 100 орындық жатақхана салу жоспарлануда, жобалық-сметалық құжаттама дайындалды. Кеңес барысында кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары, сондай-ақ Тараз қаласы және аудан әкімдері сөз сөйледі.
Талқылау қорытындысы бойынша өңір басшысы инвесторлар және ірі кәсіпорындармен 2025 жылы еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтары бойынша оқуын аяқтаған 4 мыңға жуық түлекті жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету бойынша жүйелі шараларды жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ жыл соңына дейін облыстың жетекші кәсіпорындарына 100 үздік түлекті жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету, өзекті бос жұмыс орындарын ұсына отырып, Ашық есік күндерін өткізумен, жұмысшы мамандықтары жылы шеңберінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру міндеті қойылды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді