«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Бұл күнді ұзақ күттік»

«Бұл күнді ұзақ күттік»
Автор
Жамбыл ауданына қарасты Жаңаөткел ауылында қайтарылған активтер қаражаты есебінен құрылысы жүргізілген ауызсу жүйесі салтанатты түрде іске қосылды.

Шараға облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы мен ауыл тұрғындары қатысты.

– Ел Президентінің бастамасымен қайтарылған активтер есебінен өңірде әлеуметтік инфрақұрылым жаңғыртылып, тұрғындар игілігіне қызмет ететін бірқатар нысан салынуда. Солардың бірі – бүгінгі ауызсу жүйесі. Көптен күткен бұл жобаның іске асуы – халықтың өмір сапасын арттыру жолындағы нақты қадам, – деді өз сөзінде Нұрғалым Әбдіров.

Ауызсу жүйесінің құрылысын «Пырақ Құрылыс» серіктестігі жүргізді. Қазіргі уақытта 75 үйдің ауласына ауызсу құбыры тартылды.

– Бұл күнді ұзақ күттік. Бүгінгі күн – тек қуаныш емес, тарихи сәт. Ауылымызда осындай игілікті іс атқарған мемлекетімізге, басшыларға шексіз алғысымды білдіремін! – деді ауыл ақсақалы Кендебай Оңғарбаев.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыста қайтарылған активтер есебінен 15 ауызсумен жабдықтау және 4 денсаулық сақтау нысанының құрылысы қаржыландырылды.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар