
Оның мақсаты – қазақ халқының мәдениетін құрметтеу және мәдени мұрасының алуан түрлілігінің құндылығын қалыптастыру, балаларда толеранттылықты, коммуникативті дағдыларды, шығармашылық ойлауды және тәуелсіздікті дамытуға ықпал ету, балаларды әлеуметтендіру мен ұлттық құндылықтарды сіңіру арқылы патриотизмге тәрбиелеу. Сондай-ақ «қол өнер – сырлы өнер» қолөнер үйірмесі ашылды.
Үйірме жетекшілері көркем еңбек пәнінің мұғалімдері А.Оразалиева, Т.Тәукебаева киізбен жұмыс (басу, желімдеу, қиып тігу), түрлі киізден жасалған білезік, алқа, шашбау сынды әшекейлер, киіз гүлдер, ұлттық ою-өрнекті магниттер, тұмарша ою-өрнек салу және қиып жапсыруды үйретеді. Балалар ою композициясы бар ашық хаттар, моншақпен жұмыс, түрлі-түсті моншақтардан білезік, алқа, тұмар жасап үйренуде.
Қолөнер үйірмесі – балалардың шығармашылық қабілетін дамытып, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін арттыратын маңызды бағыт. Үйірме барысында балалар қазақтың дәстүрлі қолөнер түрлерімен танысып, өз қолдарымен түрлі бұйымдар жасады. Әр бала еңбектенуде шыдамдылық танытып, қолөнердің әрбір әдісін меңгеруге ұмтылды.
Үйірме соңында балалардың еңбектері арнайы көрмеде ұсынылып, әр қатысушы өз жұмысын мақтанышпен таныстырды. Бұл олардың бойында сенімділік пен жауапкершілік сезімін арттыра түсті. Қолөнер үйірмесі арқылы балалар тек бұйым жасауды ғана үйреніп қоймай, халқымыздың бай мәдениеті мен салт-дәстүрін тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.
Гүлжахан ЖАНЫБЕКОВА,
Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді