Ауыл тұрғындарының негізгі күнкөріс көзі – егін және мал шаруашылығы. Округ бойынша 4 ауыл, 11 көше, 539 аула бар. Жалпы халық саны – 3284 адам. Оның 285-і зейнеткер, 103-і мүмкіндігі шектеулі азамат, 983-і жастар. Бұл жалпы ауыл халқының шамамен 30 пайызын жастар құрайтынын көрсетеді. Ауылдық округте 2 орта, 1 бастауыш мектеп, 3 балабақша, 4 дәрігерлік нысан, 1 мәдениет үйі, 3 ауылдық клуб, 4 кітапхана және 1 пошта бөлімшесі тұрақты жұмыс істейді.
Бұл тұрғындардың әлеуметтік қажеттіліктерін қамтуда маңызға ие инфрақұрылым. Соңғы жылдары округте ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым және әлеуметтік салада бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылып, ауылдың даму қарқыны айтарлықтай артқан. Мәселен, Көктөбе ауылындағы Жамбыл және Бейсен ата көшелеріне орта жөндеу жүргізіліп, асфальт төселген. Ал жол қауіпсіздігі үшін Көктөбе ауылының А.Иманалыұлы көшесі мен Қосбөлтек ауылының Ә.Қойбақұлы көшесіне, сондай-ақ №30 Көктөбе орта мектебінің маңына жаяу жүргіншілер жолы салынған болса, Қосбөлтек ауылына жаяу жүргіншілер көпірі орнатылған.
Бұдан бөлек, №30 Көктөбе орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Теріс ауылында жаңадан фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) салынып, ел игілігіне пайдалануға берілген. Сонымен қатар, Көктөбе ауылының Бейсен ата көшесіндегі ескі жарықшамдар заманауи, кабельді шамдарға ауыстырылған. Теріс ауылындағы Бектеміс көшесі мен Қосбөлтек ауылындағы Жапарқұл Оразбайұлы көшесіне де көше шамдары орнатылған.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Теріс ауылындағы Ұлы Отан соғысының жауынгерлеріне арналған ескерткіш монументке жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тарихи нысан қалпына келтірілген. Жастарға қолдау көрсету мен салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында да нақты қадамдар жасалған. Көктөбе және Бақалы ауылдарында кіші футбол алаңшалары, Street Workout және балалар ойын алаңдары салынған. 2025 жылға жоспарланған жұмыстар қатарында Теріс ауылындағы төрт көшеге жол салу және Бақалы ауылына орталықтандырылған ауыз су жүйесін тарту бар.
Ауыл әкімі Мәлік Сейтаевтың айтуынша, бұл жобалар тұрғындардың өмір сапасын жақсартып, инфрақұрылымды біртіндеп жаңғыртуға бағытталған. Көкбастау ауылдық округі – ауыл шаруашылығына бейімделген, табиғи әлеуеті мол аймақ. Мұндағы халықтың еңбекқорлығы мен мемлекеттік қолдаудың үйлесуі округтің тұрақты дамуына серпін беруде. Әлеуметтік нысандардың жаңаруы мен жастарға жасалып жатқан қолдау – болашаққа деген сенімді қадамның айқын көрінісі.
Бақытжан БЕКБОЛАТ.
Жуалы ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




