Жамбыл облысында полицейлерге қызметтік автокөліктер мен марапаттар табысталды
- author «Ақ жол»
- 28 маусым, 2025
- 291

Іс-шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев, құқық қорғау органдарының өкілдері, ішкі істер органдарының ардагерлері, қоғам қайраткерлері және қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің туыстары қатысты.
Өзінің құттықтау сөзінде облыс әкімі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғау және заңдылықты сақтау жолындағы полиция қызметкерлерінің жанқиярлық еңбегі үшін алғысын білдірді.
Үздік қызметкерлер үлгілі қызметі мен кәсіби жетістіктері үшін Құрмет грамоталарымен марапатталды. Сонымен қатар, облыс әкімі полицейлерге жаңа қызметтік автокөліктердің кілтін табыстады.
Сондай-ақ, Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров Полиция департаментінің тергеу-оперативтік бөлімшелерінің үздік қызметкерлерін марапаттады.
Шара барысында Ішкі істер министрінің бұйрығымен 35 полиция қызметкері ведомстволық марапаттарға ие болды, ал Жамбыл облыстық ПД бастығының бұйрығымен 500-ден астам қызметкер марапатталды. Оларға шендер, медальдар, төсбелгілер, грамоталар мен алғыс хаттар табысталды.
– Полицей болу – бұл нағыз мамандық әрі өмірлік ұстаным. Сіздер қиын сәтте көмекке алғашқылардың бірі болып келесіздер, заң мен тәртіпті күзетіп, адамдардың тыныштығы мен өмірін қорғайсыздар. Бұл қызмет беріктік пен сабырлықты, тәртіп пен үлкен ішкі күшті талап етеді, – деді Бақытжан Әсембекұлы.
Іс-шараның ерекше сәті қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан қызметкерлердің аналары мен жұбайларын құрметтеу болды. Оларға батыр полицейлердің ерлігі үшін алғыс ретінде бағалы сыйлықтар табысталды.
– Біз қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан әріптестеріміздің алдында бас иеміз. Олардың ерлігі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Біз әрқашан олардың отбасыларының жанында боламыз. Олар – құқық тәртібінің қорғаушылары болған ерлердің өмірлік серіктері мен туғандары, – деді Полиция департаментінің бастығы.
Мереке қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен үлкен концертпен аяқталды. Концертте патриоттық және жүрекке жылы әндер шырқалды.
Бұл іс-шара полиция қызметінің маңыздылығын мойындаудың, олардың күнделікті еңбегіне деген құрметтің және ел тыныштығы үшін өмірін қиғандарға деген тағзымның символына айналды.
Ұқсас жаңалықтар
Қайтарылған қаражат есебінен 711 жобаға несие берілді
- 22 шілде, 2025
Ақтоғайда жаңа демалыс орны ашылды
- 22 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді