
– Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы құрылымдарында мал азығын дайындау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мал қыстауына түсетін мал санына байланысты биыл 2,1 миллион тонна пішен, 99 мың тонна пішендеме, 88 мың тонна сүрлем, 470 мың тонна сабан және 353 мың тонна құнарлы жем дайындау жоспарлануда. Осыған қоса қорымызда өткен жылдан қалған 654,6 мың тонна пішен, 83,8 мың тонна сабан және 15,6 мың тонна жем бар. Бұдан бөлек өткен жылғы мал азығы қорын жеке қосалқы шаруашылықтар үшін қосымша жинақтау үшін 1,7 мың тонна пішен дайындалған болатын, бүгінгі күнге сол қордан 673 тонна пішен қалып отыр. Сондай-ақ алдағы қысқа түсетін әрбір шартты малға 15 центнерден азық бірлігі дайындалып, өз кезегінде малдан алынатын жоспарлы өнім көлемін арттырады деген ойдамыз. Малдың қоңды болуы төл алуға да жақсы нәтиже берері анық, – деді ол.
Бүгінгі күні мал азығын дайындау жұмыстары қызу жалғасын тауып отыр. Табиғи шабындықтардағы шөп пісіп қатаюына қарай маусым айынан бастап шабылса, пішендеме дайындау тамыз, сүрлем дайындау қыркүйек айына белгіленген. Қазіргі таңда аудандарда бірінші орым науқаны аяқталып келеді. 170 мыңнан аса гектарға орналасқан көпжылдық шөп алқабы шабылып, 809 025 тонна пішен, 34 198 тонна пішендеме, 615 тонна сабан дайындалған.
Басқарма басшысының айтуынша, мал азығын дайындау үшін 313,3 мың гектар жер шабуға белгіленген. Одан бөлек биыл жиналатын дәнді дақылдардың 152,8 мың тоннасын мал азығына бөлу жоспарлануда.
– Аудандарда 5 862 мал қыстату орындары бар, оның 1 020-сы шалғайдағы жайылымдарда яғни, құмды өңірде орналасқан. Облыс аумағында бір тайланған пішеннің бағасы тұрақты. Шамамен орта есеппен алғанда 500-600 теңге аралығында, ал бір килограмм құнарлы жем (арпа) бағасы 110-120 теңгені құрайды. Алдағы мал қыстатуда жем-шөп тапшылығы болмайды деген ойдамыз. Оған бүгінгі ауыл шаруашылығы құрылымдарының дайындығына қарап, осындай болжам айтуға болады, – деді Қайрат Көшенов.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді