Қабылдау барысында тұрғындар баспана, медициналық қызмет, кәсіпкерлікке қолдау, көпқабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыру, жол белгілерін орнату және өзге де мәселелер бойынша өтініш-тілектерін білдірді.
Ербол Қарашөкеев барлық азаматтың сауалын мұқият тыңдап, заң талаптарына сәйкес жауап берді. Қабылдау қорытындысы бойынша облыс әкімі азаматтардың мәселелерін жіті зерделеудің маңыздылығына тоқталып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді. Қосымша уақытты қажет ететін түйткілдерді өңір басшысы жеке бақылауына алатынын жеткізді.
Еске сала кетейік, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау алдын ала жазылуға сәйкес тұрақты негізде жүзеге асырылады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Балаларға күлкі мен ой сыйлаған қаламгер
- 19 ақпан, 2026
Кедергісіз орта қалыптастыра аламыз ба?
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




