«Тараз-Профсоюз-Турист» ЖШС директоры Ақжүніс Құрмашеваның айтуынша, Алакөл жағалауына демалыс ұйымдастыру шарасы басталып кеткен.
«Аймақтағы білім қызметкерлері кәсіподағы мүшелері мен олардың отбасы өкілдерінің сауықтыру шараларын ұйымдастыру бес кезең бойынша жүзеге асуда. Бірінші кезеңде Т.Рысқұлов пен Меркі ауданының білім қызметкерлері қамтылып отыр. 101 адамнан тұратын топ Алакөл жағалауындағы «ARASAN ALAKOL» демалыс орталығына орналастырылды. Жалпы осы бес кезеңде бұл демалыс орталығына барлығы 474 кәсіподақ мүшесін орналастыру жоспарлануда. Сондай-ақ бірінші топтың соңын ала шыққан Жамбыл, Жуалы және Талас ауданының білім қызметкерлері де жағалауға жақсы жетіп, демалыс орталығына орналастырылып, тынығуда. Алда бұл аудандардың орнын келесі ауданнан келген демалушылар алмастыратын болады, – дейді серіктестік директоры.
Меркі ауданы білім қызметкерлері кәсіподағының мүшелерін аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Мәдина Болысбекқызы бастап барған. Ол Меркі аудандық кәсіподақ комитеті биыл әрбір кәсіподақ мүшесінің әлеуметтік жағдайларын оңалту, сала өкілдерін ынталандыру, бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында ұйымдастырылған Алакөл жағажайына 50 білім қызметкері демалып, денсаулықтарын нығайтып жатқанын айтты. Сондай-ақ Т.Рысқұлов аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Айнұр Баймұратова да кәсіподақ мүшелері үшін бұл сауықтыру шарасы ойдағыдай өтіп жатқанын жеткізді. Ал Мeркi aудaнындағы Ивaн Трубицын aтындaғы №17 орта мектептің қaзaқ тiлi мeн әдeбиeтi пәнiнiң мұғaлiмi Бaлнур Қoғaбaeвa бұл сауықтыру шарасынан алған әсерімен бөлісті.
– Биыл aлғaш рeт Aлaкөл жағалауына келіп, бұл өңірдің тамаша табиғатына тәнті болдым. Таза ауасын жұтып, шипалы суына шомылдым. Oсындaй рухaни әрi шипaлы сaяхaтты ұйымдaстырғaн облыстық жергілікті бiлiм қызмeткeрлeрi кәсiпoдaқ ұйымынa алғысым шeксiз. Aлaкөл – тaбиғaттың ғaжaйып тaртуы. Көз жeтпeс көкжиeккe ұлaсқaн aйдын көл, мөлдiр судың сыңғыры, жaнды жaдырaтқaн сaмaл жeл бәрi бәрi мeнi бaурaп aлды. Бұл тeк дeмaлыс eмeс, жaн сaрaйымды жaңғыртқaн, oйымa тыныштық oрнaтқaн бiр ғaжaйып әлeм iспeттeс бoлды. Жалпы, жағажайда бaрлық жaғдaй жaсaлғaн: жaйлы жaтын oрындaр, тaзa жaғaжaй, дәмдi тaғaмдaр мeн сыпaйы қызмeт көрсeту – мұның бәрi дeмaлыстың жoғары дeңгeйдe ұйымдaстырылғaнын көрсeтeдi. Oсы әсeрлi күндeр үшiн шынaйы aлғысымды бiлдiрe oтырып, бoлaшaқтa тaғы дa oсындaй игi бaстaмaлaрдың жaлғaсын тaбaрынa сeнeмiн, – дейді ол.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




