Меркі аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстанның Құрметті жазушысы, «Құрмет» орденнің иегері, Меркі ауданының Құрметті азаматы, ақын Шырын Мамасерікованың 80 жасқа толуына орай «Өлеңі – өмірі» атты жыр мүшәйрасы өтті. Жыр мүшәйраға 7 үміткер қатысты.
Жыр мүшәйрасы «Жүрегі жырдан жаралған» (Ақынның туған жерге арналған өлеңдері мен Меркі өңірінен шыққан батырлар мен қоғам қайраткерлері жайлы өлеңдер), «Қасыңда жүр жақсы адам» (Арнаулар), «Бала – ананың жан жүрегі» Шырын ананың ұлына арналған жырлар атты кезеңнен тұрды.
Шырын ананың ұлына арналған өлеңдерін Меркі орталық кітапханалар жүйесінің кітапханашылары Ж. Жұмалиева, Г. Калмаханбетова, М.Омарова, Ю.Байдаулетова нақышына келтіріп оқыды.
Келесі сәтте ақынның Өмірбек Қабыловқа арнаған «Жарқылдаған жан аға!» өлеңін кітапхана оқырмандары шебер орындады. Кезінде Өмірбек Қабылов Шырын Мамасеріковаға батасын берген екен. Өмірбек Қабыловтың қызы Өмірбекова Әшіркүл апайымыз оқырмандарға ризашылығын білдіріп, сый сияпатын табыстады.
Жыр мүшәйраның қорытындысы бойынша Бас жүлде – Медина Есенәліге, бірінші орын Бұлбұл Солтанаеваға бұйырды. Екінші орынды Білімжан Сәрсенбай, Серік Санжар өзара бөліссе, үшінші орынды Ернар Мадина, Құрманби Жанайым, Нұржан Томирис иеленді. Меркі ауданының әкімі Ербол Жиенқұлов ақын Шырын Бөкейқызына жылы сөзін арнап, ізгі ниетін білдірді.
Меркіліктер ақын Шырын Мамасеріковаға зор құрметін көрсетті.
Есет ДОСАЛЫ
Меркі ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Қазіргі қазақ прозасы не айтқысы келеді?
- 4 желтоқсан, 2025
Қазақ өлеңіне қолдау мен құрмет
- 1 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




