
Көп жағдайда дінді әлсіздікпен байланыстырып жатады: «қиындықтан қашқан адам ғана дінге жүгінеді», – дейді кейбіреулер. Бірақ шын мәнінде дін – адамның ішкі жан дүниесін тазартып, жүрегін бекем ететін күш. Қиындық келгенде жаны құлазымай, сабыр сақтап, үмітін үзбей күресе білетін адам – мықты адам. Осындай күшті дін береді. Исламда айтылғандай: «Алла ешкімге шамасынан тыс ауыртпалық жүктемейді» (Бақара сүресі, 286-аят). Бұл – әр адамда өзінің көтеретін жүгіне жететін қуат бар деген сенім. Қорқыныш – адам табиғатына тән. Болашаққа сенімсіздік, жоғалтып алудан қорқу, жалғыз қалудан үрейлену – осының бәрі адамды әлсіретеді. Бірақ шынайы сенім – жүрекке тыныштық береді.
Дін адамға: «Сен жалғыз емессің. Сенің арқа сүйер Иең бар» дейді. Мұндай сенім адамның батылдығын арттырып, өмірдің кез келген кезеңінде нық қадам жасауға себеп болады. Дін тек құлшылық пен дұға ғана емес. Ол – әрекет. Шынайы сенім иесі – адал, әділ, жауапты адам. Ол қашан да шындықты айтуға, әділдікке қолдау көрсетуге, әлсізді қорғауға дайын болады. Мұндай қасиеттер тек батыл жүректе болады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) ең ауыр жағдайда да шындықты айтудан, әділеттілікті сақтаудан тайынбаған. Бұл – нағыз батырлықтың белгісі. Адамның таңдаудағы еркіндігі мен жауапкершілігі батылдықпен тығыз байланысты. Ислам сенім негіздерінде Жаратушы алдында адамның жауапты болуы не болмауы екі тұрғыдан қарастырылады.
Біріншісі, адамның қалауымен, яғни ықтиярымен, екіншісі, адамның қалауынан тыс болатын әрекеттер. Егер адамда таңдау мен қалау еркі болмаған жағдайда, ол жауапқа тартылмас еді. Ислам ғұламаларының баяндауы бойынша, адам тек таңдау мен қалау еркіне ие, ал оның қалауына қатысты істі жарату – Аллаһтың құзіретінде. Яғни адамның жасамақ болған ісі Аллаһ Тағаланың құдіретімен жаратылады. Сөйтіп, адамның өз ерік-жігерімен, қалауымен жасаған әрбір ісі үшін жауапқа тартылады.
Бұған мына аяттарды дәлел ретінде келтіруге болады: Саффат сүресінің 96-аятында: «Аллаһ сендерді де, сендердің амалдарыңды да жаратты». Бұл аяттың мағынасын Жарир әт Табари: Аллаһ Тағала Ибрахим пайғамбардың қауымына айтқан сөзін хабарлап жатыр. Ол: Ей қауым, Аллаһ сендерді, сендердің жасап жатқандарыңды да жаратты.
«Сендердің жасап жатқандарыңды» деген сөзді екі қырынан талдауға болады: Біріншісі, «Аллаһ сендерді, сендердің амалдарыңды жаратты» деген мағына.
Екіншісі, «Аллаһ сендерді және сендер одан жасап жатқан нәрселерді де жаратты» мағынасы. Яғни, «сендер одан пұт жасайтын нәрселерді» деп жатыр. Ол нәрселер: ағаш, мыс және одан пұт ойылып жасалатын нәрселер.
Соңғы мағынаға «Сендердің қолдарыңмен жасалған нәрселер» дегенді жеткізген. Енді ислам сенім негіздеріндегі қағидаларға жүгінсек: Әбу Ханифа былай дейді: «Пенденің өзі де, істері де, куәлік беруі мен Аллаһты тануы да жаратылған нәрселер екендігіне иман келтіреміз. Егер адамның өзі жаратылған мақұлық болса, онда істерінің де жаратылған нәрселер екендігі (оның табиғатына) әлдеқайда лайығырақ. Әбу Жағфар әт-Тахауи: «Пенделердің іс әрекеттері – Аллаһтың жаратылысы және пенделердің тапқан нәрсесі». Яғни, істерді Құдай Тағала жаратқан. Олардың жақсысын не жаманын пенде таңдайды да, Аллаһтың қалауымен іске асырады».
Адамның таңдаудағы еркіндігі мен істері төңірегінде адасқан ағымдар да пайда болған. Солардың бірі «Жәбрия» деген ағым. «Жәбр» сөзінің мағынасы араб тілінде «мәжбүрлеу, зорлау» деген ұғымға саяды. Олардың түсінігі бойынша, кез-келген нәрсе Аллаһтың қалауымен жүзеге асады, іс-әрекетте пенденің ешқандай рөлі жоқ. Пенде пешенесіне жазылғанды ғана көреді деді. Батыс ғалымдары бұл ағымға «фатализм» деген ат берді.
Демек, олардың басты сенімі төмендегідей болып шығады: адам маңдайына жазылғанды көреді. Бір істі істеуде ешқандай таңдау еркіндігі, күш қуаты рөл атқармайды, тек мәжбүрлі түрде істейді. Аллаһ тағала күллі дүниені жаратушы Ұлы құдірет иесі. Сол себепті Аллаһтан басқа ешкім ештеңені өзгерте алмақ емес. Жәбрия мәзһабын ұстанушылар өздерінің жолын дұрыс деп көрсету үшін Құранның кейбір аяттарын алға тартады әрі соны ұстанады: Әнғам сүресінің 35-аятында: «Егер Аллаһ қаласа, оларды туралыққа жинар еді. Ендеше сен надандардан болма». Бақара сүресінің 7-аятында: «Аллаһ олардың жүректеріне, құлақтарына мөр басқан, әрі көздерінде перде бар. Оларға үлкен азап бар».
Бұл аяттан шығатын ұғым: Аллаһ қаласа пенде дұрыс жолда, қаламаса тозақтық болады деген сөз. Сонымен қатар бір хадисті дәлел ретінде келтіреді: «Мәңгілік бақытқа жететін кісі анасының жатырында жатқанда мүмін болады деп жазылады. Жаман адам да анасының жатырында жатқанда жаман адам болады деп жазылады» (Муслим, Қадар 1; Ибн Мәжә, Муқаддима 7). Негізінде тағдырға бұлай сену – адасушылық. Тағдырға иман етеміз, бірақ тағдырымызға жазылып қойғандықтан іс-әрекетімізді мәжбүрлікпен, ықтиярсыз істемейміз.
Аллаһ әуелде шексіз ілімімен біздің не істейтінімізді білгендіктен тағдырымызға солай жазған. Аллаһ пендесін құлтемір (робот) секілді амал ету үшін жаратқан жоқ. Пендесіне жақсы мен жаманды таңдау еркіндігін берді. Сол ерік қалауымен жасаған іс-әрекеттер үшін ақыретте жауап береді.
Бүгінгі қоғамға сенімі нық, жүрегі таза, батыл жандар қажет. Дін – сол батылдықтың негізі. Жан дүниесі тыныш, жүрегі бекем адам ғана қоғамға пайда әкеледі. Сондықтан дінді әлсіздік деп емес, керісінше рухани күш пен батылдықтың қайнары деп қабылдайық. «Дін сөзі адамның күйін, хәлін білдіретін мағынаға ие болды. Көпшілік тіл мамандары Құран аяттарымен, араб өлеңдерімен мысалдап түсіндірген.
Ендеше «дін» ұғымын терминдік, этимологиялық, лексикалық, грамматикалық, семантикалық деңгейде қарастырып, бірнеше мағынасын айқындадық. Ислам дінінің мақсатына тоқталып, басты мақсаттарын Құран аяттарымен қуаттап, тәпсір ғалымдарының еңбектеріне жүгіндік. Жалпы Исламның бірінші мақсатын айта кетсек, Аллаһ Тағаланың өзінің бар, бір, жалғыз екенін ғаламға паш етуі. Жүз жиырма төрт мың пайғамбар жіберіп, олардың мақсаты тек Аллаһты біреу болған. Құранда «Жын мен адамзатты тек өзіме құлшылық үшін жараттым» деген аят бойынша, кейбір ғалымдар «мені танып білулері үшін жараттым» деген мағына берген.
Бүкіл жаратылыс Аллаһтың бар, бір екеніне дәлел бола алады. Құранда ойлануға, ізденуге адамзат баласын жиі ескеркен аяттар көп кездеседі. Көптеген мысалдар келтірген. Ол мысалдар арқылы адам баласы зерттесін, ізденсін деген сипатта екенін ғалымдар алға тартады. Кезінде Әбу насыр әл-Фараби Аллаһтың бар екендігіне бірнеше тұжырымдар келтірген еді. Исламның екінші мақсаты жын мен адамзаттың жаратылу мақсатын білдіруі.
Ғалымдардың айтуынша жын сөзінің аятта бірінші айтылуы, адамнан бірінші жаратылуы болса керек екенін жорамалдап айтады. Бұл бөлімде бірнеше танымал тәпсір кітаптарынан дерек келтірдік. Басқа қырынан да қарастырып, зерттедік. Ибн Аббастың қырағатында келгендей, бұл аят мұсылмандарға қатысты айтылғандығын ғалымдар алға тартады. Исламның үшінші мақсаты жер бетінде тәртіп, әділдік орнатуы.
Жер бетінде жасанды заңдар күн сайын өзгеруде. Себебі адамдардың талаптарына, мүдделеріне уақыт өткен сайын сай келмей қалуында. Себебі адам баласы әлсіз жаратылғаны да Құранда баяндалған. Ал Құранның сақталатын да Аллаһ Тағала баяндап кеткен аяттарда. Шариғат заңдары әмбебап, қоғамның барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ете алатын, реттеуші күшке ие екендігін Пайғамбар (с.ғ.с.) уақытында дәлелденген болатын.
Дінде зорлық жоқ екендігінің басқа қырынан, яғни психологиялық, физикалық тұрғыдан да аяттармен дәлелденді.
Темірлан МІРСАДІРОВ,
облыс әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» Байзақ ауданы бойынша инспекторы.
Ұқсас жаңалықтар
162 спорт нысаны бар
- 24 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді