Жамбылда не жаңалық?
Династия: Президент жамбылдық Зайнулиндер отбасын марапаттады
- author «Ақ жол»
- 23 маусым, 2025
- 1.9k
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде құзырлы органда династия қалыптастырып, табанды еңбек еткен бір әулеттің азаматтарына Алғыс жариялады, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Жамбыл облысындағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп келе жатқан полициядағы құрметті әулеттердің бірі – Зайнулиндер отбасына абыройлы қызмет атқарып, қоғамдық тәртіпті нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін Алғыс жарияланды. Әулеттің жалпы еңбек өтілі – 63 жыл", – делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы мән-маңызы мен салтанаты келіскен жиында 2022 жылдан бері бірде-бір қылмыс тіркелмеген Жамбыл облысы, Шу ауданы, Балуан Шолақ ауылының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Есенгелді Текебаевқа қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысқаны үшін Алғыс жариялады.
Ұқсас жаңалықтар
Таразда полицейлер гауһар тасты әшекейлер ұрлығын жедел ашты
- 13 наурыз, 2026
Анаға – тағзым, аруға – құрмет, әйелге – алғыс
- 10 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




