Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің автопаркі заманауи жоғары өтімділікке ие ТРЭКОЛ автокөлігімен толықты. Бұл техника өңірдің күрделі бедері мен қатал климаттық жағдайларында жедел әрекет етуге арналған.
ТРЭКОЛ – алты дөңгелекті, аса төмен қысымды шиналармен жабдықталған жол талғамайтын көлік. Ол батпақтан, қалың қардан және қиын өтетін учаскелерден еркін өте алады. Шыны пластиктен жасалған корпусы минус 60 градустан плюс 60 градусқа дейінгі температурада жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Ал салоны 8 адамға дейін тасымалдауға лайықталған.
Департамент автопаркінің жаңаруы құтқару операцияларының мобильділігі мен тиімділігін арттыратыны сөзсіз. Осындай заманауи техника төтенше жағдайларға жедел ден қоюға және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен септігін тигізеді.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП.
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




