
Бұл туралы биылғы шомылу маусымында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыбында өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Руслан Орынбеков баяндады. Спикердің айтуынша, облыс аумағында халқы тығыз орналасқан немесе оларға тікелей жақын, қолжетімді және шомылуға жарамды 117-ден астам су айдыны бар. Қазіргі уақытта осы су айдындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып отыр.
Облыс әкімінің қаулысына сәйкес, өңірде суға түсуге арналған 13 ресми демалыс орны белгіленген, олардың құрамына 9 коммуналдық және 4 жекеменшік жағажай кіреді. Барлық нысандарда су түбі тазартылып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 8 стационарлық және мобильді бақылау бекеттері қойылған.
Жазғы демалыс кезінде судағы қауіпсіздік мәселесі бірінші орынға шығатыны айтпаса да түсінікті. Осыған орай жазатайым оқиғалардың алдын алу және су айдындарында тәртіпті қамтамасыз ету мақсатындағы қауіпсіздік шаралары барлық аудандарды қамтып отыр. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен, полиция бөлімі және еріктілермен бірлесіп, рейдтер ұйымдастыруда.
Бүгінде 383 ескерту және тыйым салатын белгілер орнатылып, 10 мыңнан астам үгіт насихат материалдары таратылған. Бұл істерге 250 ерікті жұмылдырылды. Сонымен қатар мектептерде қауіпсіздік сабақтары және тұрғындармен кездесулер өткізілді. Рейд барысында 88 құқықбұзушылық анықталып, ортақ су пайдалану қағидаларын бұзған 31 адамға, алкогольдік ішімдік ішкен немесе қоғамдық орындарда мас күйде болған 47 адамға және су айдынындағы қауіпсіздік ережелерін бұзған немесе орындамаған 10 адамға айыппұл салынды.
Департамент өкілі судағы қауіпсіздік тек құтқару қызметтерінің ғана емес, әрбір азаматтың жауапкершілігі екенін атап өтті. Мәселен су айдындарындағы оқиғалардың негізгі себептері – тыйым салынған жерлерде шомылу, мас күйде суға түсу, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдыру. Осыған орай төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын суда демалған кезде барынша мұқият болуға, тек жабдықталған жерлерде шомылуға және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
«Қауіпсіздік – әр адамның жеке жауапкершілігі. Тек бірлескен әрекет арқылы біз азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығын сақтай аламыз», – деген Руслан Нұрланұлы облыстың су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс ерекше бақылауда екенін және ол жыл он екі ай бойы жалғасатынын айтты.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Отан қорғау өмірлік ұстанымына айналған жауынгер
- 22 шілде, 2025
Әскердің әлеуеті – білікті маман
- 22 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді