Бүгінгі кейіпкеріміз, кіші сержант Алтынбек Аманғалиев бала күнінен әскери киім киген, ел қорғаны болған әкесіне қарап бой түзеген. Қазіргі таңда ол әскери бөлімде тәртіп пен жауапкершілікті басты ұстаным етіп, нағыз сарбаз ретінде қалыптасып келеді.
– Бала күнімнен әскери қызметші болуды армандадым. Әскери жолды таңдауыма, әрине, ең алдымен әкем себепкер болды. Оның жұмысқа деген жауапкершілігі, темірдей тәртібі мен Отанға адалдығы мені жігерлендірді. Қазір өзім де әскери салада қызмет етіп жүріп, бұл саланың оңай еместігін, бірақ мәртебелі міндет екенін шын жүректен сезінудемін, – дейді жас жігіт.
Ұлының бұл таңдауы – 25 жылға жуық өмірін Ұлттық ұланға арнаған Рүстембек Бекмурзин үшін де зор мақтаныш.
– Әскери салада жүргеніме 25 жылға жуықтады. Қазір рота старшинасы қызметіндемін. 5 айдан кейін зейнетке шығамын. Үш ұлым бар. Үлкен ұлым – Алтынбек менің ізімді жалғап, әскери қызметке келді. Ал екінші ұлым әскерге кеткелі жатыр. Борышын абыроймен өтеп келген соң, ол да осы жолды таңдауға ниетті. Бұл – мен үшін үлкен мәртебе. Ұрпағымның ел қорғаны болуға ұмтылысы – нағыз әке арманы, – дейді 3 сынып сержанты.
Сөз жоқ, мемлекет қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіп жолында қызмет ету – үлкен жауапкершілік пен ерлікке толы міндет. Осындай ауыр жүкті арқалап жүрген әскери әкелердің өнегелі жолын жалғаған ұлдардың қатары артқаны – қуантарлық жайт. Себебі олар – отансүйгіштіктің, тәртіп пен тектіліктің нақты көрінісі. Әлбетте, қоғамда әке жолын қуып, әскери салада абыроймен қызмет етіп жүрген жастар аз емес. Бұл – ұлтқа қорған, елге тірек болар азаматтардың өсіп келе жатқанын білдіреді. Ал Отанға қызмет ету – ұрпаққа үлгі болар биік борыш.
Есен ӨТЕУЛІ.
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




