«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жұмысшы мамандықтары жылындағы іс-шаралар легі қалай өтуде?

Жұмысшы мамандықтары жылындағы іс-шаралар легі қалай өтуде?
Автор
Елімізде 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланды. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған. Осыған орай кеше облыс әкімдігінде аймақ басшысының орынбасары Серік Сәлемовтің төрағалығымен штаб отырысы өтті.

Жалпы өңірімізде жұмысшы мамандықтары жылы жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген. Ал олардың 70 пайызы облыстық білім басқармасының құзырында екен. Жиында әуелі облыстық білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршыбеков сөз алды.

– Жоспарда 2025-2026 жылдары колледждер халықаралық салалық аккредиттеуден өту, «1С» сертификаттау орталығын құру, 220 орындық жатақхана құрылысын салу, 6 салалық кешенін ашу, жұмыс берушілердің тапсырысы бойынша мақсатты білім беру тапсырысын ұлғайту мен шетелдік инвестор тарту арқылы жаңа мамандық ашу, іс-шараларды өткізу қамтылған. Іс-шараларды жүзеге асыруға 404 миллион теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарланған. Жұмысшы мамандықтар жылының 123 іс-шараның 74-не білім басқармасы жауапты. Оның бүгінгі күнге орындалғаны 30 іс-шара. Жобалық офиске БИТРИКС жүйесіне 40 іс-шара енгізілген. Оның 25-і білім басқармасына қатысты. Оның бүгінгі күнге орындалғаны 9 іс-шара. Колледждер мен кәсіпорындар, жоғары оқу орындары арасында 98 ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды «Серпін» жобасы аясында 3 мыңға жуық мектеп түлектерімен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Шығыс Қазақсан облысының С. Аманжолов университетінің өкілдерімен кездесу өтті. Облыс әкімінің төрағалығымен инвесторлар мен салалық мемлекеттік органдардың қатысуымен кадр дайындау, түлектерді жұмысқа орналастыру, инвестиция тарту мәселелері бойынша өңірлік форсайт сессиясы өтті. Сессияға 40 инвестор, салалық басқармалар қатысты.ТОП-100 студент конкурсы өтті.  Республикалық кезеңге 10 студент жолдама алып, 6 студент «ТОП-100» студент қатарына енді. Мамыр айында «Бизнес стартап» байқауы ұйымдастырылды. Республикалық кезеңге Жамбыл политехникалық жоғары колледжі жолдама алды. «Хакатон» республикалық чемпионатына 6 облыстан 90 команда қатысып, жүлдегерлер марапатталды. Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу бойынша іс-шаралар тұрақты бақылауда, – деді Нұрбек Әбубекұлы.

Айта кетейік, басқосуда облыстық ақпарат және қоғамдық даму, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары да баяндама жасады. Десе де, Серік Жақсылықұлы олардың жауаптарына қанағаттанған жоқ. Сол себепті, штаб отырысының осы тақырыбы келесі аптаға қалдырылды.

 

Эльмира БАЙНАЗАРОВА

Ұқсас жаңалықтар