Нақтылай түссек, бұл күні өңірлік денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы, әділет полковнигі Абай Қайырбековтің Алғыс хатына ие болды.
Салтанатты шараға Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері қатысты. Алғыс хат табыстау – денсаулық сақтау басқармасы басшысының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі медициналық қамтамасыз етуді жетілдіруге қосқан үлесінің жоғары бағалануының айқын дәлелі.
Айта кету керек, еліміздің түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларында ұсталатын азаматтарды медициналық қамтамасыз ету мәселесінде ҚАЖ мекемелері мен денсаулық сақтау органдары тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Осындай өзара іс-қимыл аясында сотталғандар мен тергеудегі адамдарға медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша жүйелі шаралар жүзеге асырылып келеді. Бұл бағыттағы ынтымақтастыққа мамандандырылған медициналық мамандардың бірлескен қабылдаулары, бірлескен оқыту іс-шаралары, материалдық-техникалық базаны нығайту, сондай-ақ жазасын өтеушілер арасында созылмалы ауруларды емдеудің заманауи тәсілдерін енгізу жатады.
Бастысы, бұл марапат – кәсіби қызметтің жоғары бағалануы ғана емес, сонымен қатар қамауда отырған азаматтардың денсаулығы мен құқықтарын қорғау ісінде Ішкі істер министрлігінің құрылымдары мен денсаулық сақтау саласының табысты әріптестігінің жарқын белгісі болмақ.
Ұқсас жаңалықтар
Тектілік дәулетпен емес дәстүрмен өлшенеді
- 6 желтоқсан, 2025
Жетістікке жету жолында еңбек етеміз
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




