Осы ретте бүгін облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов қазыналы қарияның шаңырағына арнайы барып, мерейлі жасымен құттықтап, аймақ басшысының атынан зерделі шапан жауып, құрмет көрсетті.
Серік Жақсылықұлы ізгі лебізінде әлдеқашан зейнет жасына шықса да, өңірдің қоғамдық жүмыстарынан қалыс қалмай, мәдениет пен руханиятының қарыштап дамуына қалтқысыз қызмет келе жатқан ақылман ақсақалға азаматтық алғысын білдірді.

Елен Әбдуатұлы өзіне құрмет көрсете келген сыйлы қонақтарды төрге оздырып, ақ дастарқан басында ақ батасын берді.
Айта кетейік, жазушы Жамбыл облысы, Талас ауданына қарасты Көмекші ауылында (кейін Аққұмға қосылған) дүниеге келген.
Ол Қазақ телестудиясының коментаторы (1968-70), Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі (1970-1976, 1999-2004), бас редакторының орынбасары (2004-2008), Қазақстан Компартиясы Жамбыл облыстық Комитетінің нұсқаушысы (1976-1980), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі (1980-1991), телерадио компаниясының төрағасы (1991-1996), «Түркістан» газетінде бөлім меңгерушісі, «Қазақ энциклопедиясы» баспасында жетекші маман (1997-1998), «Алтын шырақ» журналының жауапты шығарушысы (2006-2008), облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы ақпараттық талдау орталығының бөлім меңгерушісі (2008-2015) қызметтерін атқарған. 2004-2008 жылдары «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығында қосымша қызмет атқарды.

Қаламгердің «Ән сыры» атты тырнақалды туындысы Қазақстан жас жазушыларының «Таңғы шық» (1964) атты жинағында жарық көрген. Сондай-ақ, ол «Оралу» (1978), «Көріпкел» (2000), «Ақ періште – арманым» (2016) әңгімелер мен хикаяттар, «Тақталас» (2006), «Толық адам туралы» (2005), «Бауыржанның пырағы» (2010), «Адамгершіліктің ақ жолы» (2013) атты пьесалар мен публицистикалар жинағының, «Анажар» (2019) романының авторы.
Ұқсас жаңалықтар
Қазіргі қазақ прозасы не айтқысы келеді?
- 4 желтоқсан, 2025
Қазақ өлеңіне қолдау мен құрмет
- 1 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




