«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Мақсат – бірлескен бастамаларды ілгерілету

Мақсат – бірлескен бастамаларды ілгерілету
Автор
Кеше елімізге Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының шақыруымен Қазақстанға Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келетінін хабарланған еді. Бұл Қытай көшбасшысының елімізге алтыншы сапары – орнықты сенім мен стратегиялық жақындықтың ерекше көрсеткіші. Сапар барысында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өткізіліп, екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ бүгін Астанада аймақтағы мемлекеттер басшыларының қатысуымен екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтті. «Орталық Азия – Қытай» саммиті өңірлік диалогты нығайту және бірлескен бастамаларды ілгерілету үшін жаңа жұмыс алаңы ретінде дүниеге келген болатын. Бұл форматтағы саммиттер екі жылда бір рет – Қытайда және өңір елдерінде кезектесіп өткізіледі.

Мұндай бірінші саммит 2023 жылдың мамыр айында Қытайдың Сиань қаласында өтіп, онда ҚХР басшысы Си Цзиньпиннің төрағалығымен Орталық Азия мемлекеттерінің президенттері бас қосқан болатын. Аталған саммит форматы қазірдің өзінде барлық тараптардың жүйелі диалогқа тұрақты мүдделерін көрсететін қалыптасқан дәстүр ретінде қабылдана бастады.

Қазақстан үшін мұндай бастамаларға қатысу оның белсенді сыртқы саяси ұстанымын баса көрсете отырып, халықаралық беделін айтарлықтай арттырады. Сонымен бірге, бұл платформалардың практикалық сипаты Қытаймен экономикалық байланыстарды нығайтуға, инвестицияларға қолжетімділікті кеңейтуге, жаңа нарықтарға және елдің тұрақты дамуына тікелей әсер ететін технологиялық алмасуға септігін тигізетіні анық.

 

Aq jol – Aqparat.

Ұқсас жаңалықтар