
Бұл сөздер эмоцияны білдірудің жеңіл жолы ретінде жиі қолданылады, бірақ олар қазақ тілінің көркемдігі мен тазалығына айтарлықтай зиян тигізеді. Әлеуметтік желілер мен интернеттің ықпалымен анайы сөздер күннен күнге көбірек енуде, жастардың сөйлеу салтында қалыптасып бара жатыр. Тілдің тағдыры көбінесе отбасы мен мектепте шешіледі. Егер бала тәрбиесінде қазақ тілі маңызды орын алса, оның тілдік қабілеті мен ұлттық сана-сезімі де нығаяды.
Өкінішке қарай, кейбір отбасыларда және білім беру орындарында қазақ тілі тек пән ретінде ғана қаралып, шынайы тіл ретінде дамытылмайды. Бүгінгі заманда ақпарат пен білімнің көзі – интернет пен әлеуметтік желілер. Мұнда қазақ тілі шала пала қолданылып, оның таза нормалары жиі бұзылады. Жастар қысқа әрі қарапайым сөздерді, тіпті қате жазылған сөздерді жиі қолданғанды оңай көреді. Бірақ бұл тілдің дамуына кедергі екенін аңғаруымыз қажет. Қазақ тілін құрметтеу – әрбір азаматтың парызы.
Тіл арқылы ғана ұлттың рухы, тарихы, дәстүрі сақталады. Қазақ жастарының ана тілінде таза әрі көркем сөйлей алуы – ұлттың болашағының кепілі. Тілді шұбарлап қолдану – ұлттық болмысты сарқытудың алғашқы қадамы. Сондықтан әр қазақ баласы өз тілінің тазалығы мен байлығын сақтау үшін бар күшін салуы тиіс. Тіл мәселесі – күрделі әрі көп қырлы мәселе. Бірақ оны шешуге болады.
Қазақ тілі – ұлттың рухани мұрасы, мәңгілік қазынасы. Тілді сақтап, дамыту – әрбір қазақ азаматының ортақ борышы. Қазақ жастары өз тіліне құрметпен қарап, оны таза әрі көркем меңгерсе, ұлттың рухани болашағы айқын болады. Тілі шұбар ұрпақ емес, тілі бай, көркем ұрпақ – елдің ертеңі. Сондықтан біз бәріміз бірлікте осы маңызды міндетті атқаруға тиістіміз.
Снежана АЛЖЕВА,
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің конвергентті журналистика мамандығының 3-курс студенті
Ұқсас жаңалықтар
Жарты ғасырлық белеске жеткен әскери бөлім
- 19 маусым, 2025
Тактикалық медицинаның талабы жоғары
- 19 маусым, 2025
Ақпарат
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді