Жамбыл облысында 32 ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты
- author «Ақ жол»
- 13 маусым, 2025
- 225

Жаңа форматтағы жиынға жергілікті атқарушы, арнайы және құқық қорғау органдары басшылары, мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер мен үкіметтік емес ұйым белсенділері, сондай-ақ, еріктілер мен педагогтар және БАҚ өкілдері қатысты.
Келелі басқосу барысында қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, есірткі мен алаяқтыққа қарсы күрес, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу және осы жұмысқа өңір тұрғындарын тарту шаралары талқыланды.
– Қоғамдық орындарда жасалған құқық бұзушылықтардың 20%, көшеде жасалғандардың 18,7%, ұрлықтың 27,3%-ға, тонаудың 58,6%-ға, бұзақылықтың 8,8%-ға, бопсалаудың 42,9%-ға, масаң күйде 5,7%-ға, топпен 17,7%-ға, бұрын жасағандармен 25,9%-ға, кәмелетке толмағандармен 42,1%-ға төмендеуінің оң динамикасы байқалады, бұл барлық қатысушылардың бірлескен күш-жігерін көрсетеді. Үш және одан көп әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған тұлғаларды анықтау, оларға әлеуметтік желілер арқылы ескертулер жіберу және қайталама бұзушылықтардың алдын алу мақсатында іс-қимыл алгоритмін әзірлеу үшін жұмыс басталды. Өңірдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті арттыруға бағытталған «Қоғаммен байланыс», «Қауіпсіз балалық шақ», «Komek Stop Bullying Jambyl» және «Есірткісіз болашақ» секілді бірқатар жобаны қолға алдық. Мәселен,.«Қоғамдық байланыс» жобасы аясында прокурорлар 10 мыңға жуық адамды қамтыған 100-ден астам азаматтарды қабылдау бойынша көшпелі акциялар өткізіп, 100 мыңға жуық тұрғынның өткір мәселелерін шешімін тапты, – деді Нұрғалым Мәжитұлы өз баяндамасында.
Іс-шараның соңында қылмысқа қарсы күресте белсенді қатысқан арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, волонтерлер, журналистер, педагогтар, спортшылар және өңір тұрғындары прокурор тарапынан алғыс хаттарымен және «Ең қауіпсіз ауылдық округ», «Үздік психолог», «Үздік учаскелік инспектор», «Үздік адал кәсіпкер», «Үздік ерікті», «Үздік тергеуші» және «Үздік жедел уәкіл» номинациялары бойынша жеңімпаздарға естелік кубоктармен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
Аталар берген ақ бата...
- 21 маусым, 2025
Ақпарат
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді