250 млн теңге: интернет-алаяқтық схемасы әшкереленді
- author «Ақ жол»
- 12 маусым, 2025
- 1.2k
– Ұйымдастырушы небәрі 19 жаста, Алматы облысының тұрғыны. Тергеу мәліметінше, ол қылмыстық схемаға 2023 жылдың қазан айынан бері қатысқан. Алдымен қарапайым дроп ретінде бастаса, 2024 жылдың маусымынан бастап дропперлерді басқаруға көшкен. 2025 жылдың қаңтарынан бастап куратор ретінде әрекет етіп, үш дропперді басқарып келген, – деп хабарлады полицияда.
Ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін қаскөйлер 50-ден астам жалған тұлғаға рәсімделген банктік қосымшалары бар 30-дан астам мобильді құрылғыны пайдаланған. Сондай-ақ ноутбук, Ресей байланыс операторларына тиесілі 11 SIM-карта және шетелдік қаржы ұйымдарының банктік карталары тәркіленді.
Алдын ала есептеулер бойынша, куратор қылмыстық әрекет барысында шамамен 10 миллион теңге табыс тапқан, ал оның сыбайластарының әрқайсысы – 3 миллион теңгеден.
2025 жылдың қаңтарында қарапайым дроп ретінде жұмысын бастаған дропперлердің бірі кейін куратордың сенімді көмекшісіне айналған. Ол тек ақшаны шешіп қана қоймай, банк есепшоттары бұғатталған жағдайда басқа дроптарды банктерге ертіп барған.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Поэтикалық баттл Күләш Ахметованың шығармашылығына арналды
- 26 ақпан, 2026
Міржақып Дулатов Әулиеатаға қашан келді?
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




