Алматыда адам бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
- author «Ақ жол»
- 10 маусым, 2025
- 1.7k
– Олардың бір эпизодында күдіктілер шетел азаматына күш қолданып, қорқыту арқылы оны жалдамалы пәтерде заңсыз ұстағаны және қысым көрсету арқылы бес миллион теңге көлеміндегі қаражатын тартып алғаны анықталды. Сондай-ақ, заңсыз қару сақтау және құқыққа қайшы жанжалдарға қатысу фактілері тіркелді. Жалпы ссаны 25 тінту жүргізіліп, нәтижесінде жеті тапанша, оқ-дәрілер, суық қарулар мен есірткі заттары тәркіленді. Анықталған барлық фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, заңға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Айта кетейік, Ішкі істер министрлігі бопсалау және басқа да ауыр қылмыстарды жасайтын қылмыстық топтардың әрекетінің алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша іс-шараларды жүзеге асыруды жалғастыруда.
Ұқсас жаңалықтар
«Бала үшін ең маңыздысы – өзін қауіпсіз сезіну»
- 9 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




