
Облыс әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына қарасты «Айтыскер ақындар мен жыршы-термешілер» орталығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранының (мәтіні) авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына орай үйірме оқушылары арасында «Жыр жұлдызы – Жұмекен» атты әдеби-сазды кеш өткізілді.
Іс-шара Мемлекеттік Әнұранды орындаумен басталды. Әдеби-сазды кеште үйірменің оқушылары Мирас пен Мерей Жамалбектер өз арнауларын арнап, кішкентай нәзік жүректерінен жыр төкті. Айтулы ақынның жырларын жатқа оқыған оқушыларға да сүйсіндік.
Атап айтқанда, Қанат Жасаров «Дүние неткен кең еді...», Нұрай Есмамбетова «Шал мен теңіз» атты өлеңдерін мәнерлеп оқып, көпшілік назарына ұсынды. Кеш барысында облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының Жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары, айтыскер ақын Медеу Мырзатай Мемлекеттік рәміздеріміз және еліміздің тәуелсіздігін бағалап, тарихын ардақтау туралы кеңінен айтып берді.
Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне «Айтыс» үйірмесінің жетекшісі Дидар Апбасов өз үлесін қосқанын айта кеткен жөн. Кештің соңында «Жыр терме» үйірмесінің жетекшісі Сәрсенбай Әбілқайыр «Ауылым» атты әнді нақышына келтіріп шырқады. Рухани кештен өнерлі балалар өзгеше әсер алды.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді