
Іс-шараға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің өзге ұлт өкілдері белсенді қатысты. Байқаудың басты мақсаты – әскери қызметшілер арасында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтіп, қазақ тіліне деген құрметті арттыру, сондай-ақ тіл мәдениетін қалыптастыру.
Қазылар алқасына «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Атабек Салихбаев жетекшілік етті. Қазылар құрамында әскери сала мамандары ғана емес, мәдениет және қоғамдық ұйымдардың өкілдері де болды. Олар байқаудың әділ әрі мазмұнды өтуіне өз үлесін қосты.
Байқау нәтижесінде І орынды 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, кіші сержант Роллан Бондаренко иеленді. ІІ орынды 3650 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, ефрейтор Пархат Сеит олжаласа, ІІІ орынды 5514 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Мирас Бехтольд пен 5574 әскери бөлімінің аға сержанты Эркинбой Шамуратов өзара бөлісті. Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы сыйлығына 5547 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, сержант Сергей Образцов лайық деп танылды.
Жеңімпаздар арнайы дипломдармен, Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бұл тағылымды шара ел бірлігінің негізі саналатын тілге деген құрметтің нақты көрінісі. Мұнда қатысушылар мен көрермендер үшін байқау ерекше рухани серпіліс сыйлап, мемлекеттік тілдің мерейін арттырды.
«Тербейді ана қуанышты, бақытты, Тербейді ана – тебіренеді жаны шын. Тербейді ана уақытты, Барлық әлем – бір-ақ бесік ана үшін, – деп жырлаған аяулы ақын Жұмекен Нәжімеденовті білмейтін қазақ жоқтың қасы шығар. Оның Отаным, елім, жерім деп соққан жүрегі, ақындық тілегі – барша жас ұрпаққа үлгі.
Aq jol-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді