Тағы бір көтеретін мәселе – курс, жылдам оқудың жайы. Қазіргі заман құр жатпайтын заман. 2-3 жұмыс артық етпейді деп жүрген жастарды жиі көресің. Әлеуметтік желілерде неше түрлі курстар сатылып жатады. Оны бәріміз де аңғарғанымыз айдан анық.
Көптеген жастар сол курсты оқып алып, кәсібін дөңгелетіп жатады. Ал сондағы 4 жыл білім алған студенттер қайда қалды? Диплом құнсызданып кеткен бе? Көпшілігі оңай көрінген нәрсеге ұмтылады, тез жеңіл ақша табуды қалайды.
Жастар арасында жұмыссыздық тумас үшін замандастарыма өзің қалаған мамандыққа түс дер едім. Грант үшін керегі жоқ мамандықты оқып уақыт кетіргенше, ертең саған пайда, табыс әкелетін мамандыққа түскенді жөн санаймын. Бәлкім, сен грант үшін түсе салған мамандық бөгде біреудің өмірлік арманы шығар. Бұл жағдайда сен өзіңнің ғана емес, өзгенің де жолын жауып тұрсың. Өзің қалаған мамандыққа түсіп, дипломмен жұмыс істегенге не жетсін?!
Көп оқып, көп іздену керек. Шын еңбек еткен адам ғана жетер ұлы мұратқа. Әрқайсымыз өзіміз армандаған мамандықта білім алып, жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алайық!
Альмира КЕРІМБАЕВА,
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің 3-курс студенті
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




