«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Құрылыс сапасы – басты назарда

Құрылыс сапасы – басты назарда
Ашық дереккөз
2024 жылы облыс аумағында 221 құрылыс нысандарына жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде 167 нұсқама беріліп, 342 әкімшілік іс қозғалды. Оның 231 тапсырыс беруші, 59 мердігер мекеме, 7 жобалаушы, 26 техникалық және 19 авторлық қадағалаушылар. Жалпы айыппұл соммасы 83 368 252 теңгені құрады.

Аталған тексерулердің нәтижесінде 16 техникалық қадағалаушыға әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынумен қатар қолданыстағы сарапшы аттестаттары 6 ай мерзімге тоқтатылды. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарын сапасыз немесе құрылыс нормаларымен ережелерінен ауытқып жүргізген 8 мердігер мекемелер және жобалық шешімдердің орындалуын толық қамтамасыз етпеген авторлық қадағалаушылармен жобалау жұмыстарын сапасыз орындаған 6 жобалаушы мекемелер Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы кодексінің 312-бабының 1-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Басқарма өз құзіреті шегінде тек бақылау жүргізіп қана қоймай, құрылыс жұмыстарындағы кемшіліктердің алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстарды да қарқынды жүзеге асыруда. Облыс әкімдігімен келісілген алгоритмге сәйкес, облыс аумағындағы құрылыс нысандарының сапасына қатысты әр тоқсанның қорытындысы бойынша тұрақты түрде аудандар мен Тараз қаласы әкімдіктерімен және тиісті тапсырыс беруші басқармалармен бірлесе отырып, 35 профилактикалық жиындар өткізілді. Жиын барысында құрылыстың барлық қатысушыларының яғни, тапсырыс берушілер, мердігерлер, техникалық және авторлық қадағалаушылардың құрылыс нысанына қатысты сұрақтары мен құрылыс барысында орын алған бұзушылықтар талқыланып, құрылысқа қатысушыларға алдағы уақытта бұзушылықтарға жол бермеу үшін құрылыс жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, сапасына жіті көңіл бөлу тапсырылды.

Құрылыс нысандарының жай-күйімен толық хабардар болып отыру мақсатында Басқармамен Тараз қаласы және аудан әкімдіктерінің ұсынымдарына сәйкес құрылыс нысандарына жалпы 231 профилактикалық мониторинг жұмыстары жүргізіліп, анықталған бұзушылықтарды жою туралы құрылыстың барлық қатысушыларына (тапсырыс берушіге, мердігерге, техникалық және авторлық қадағалаушыларға) ескертілді.

 

Нұрбек МУКАЕВ,

облыс әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің басшысы.

 

 

Ұқсас жаңалықтар