Талас ауданында натрий цианидін өндіру бойынша «Talas Investment Company» ЖШС зауытын кеңейту жобасының екінші кезеңін іске асыру жалғасуда. Жоба аясында кәсіпорынның қуаттылығы жылына 30 мың тоннаға дейін артады.
Қосымша 300 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жергілікті атқарушы органдар инфрақұрылым мәселелерін шешуге қолдау көрсетеді. Серікжан Сейтжанов құрылыс жұмыстарын 2025 жылдың тамыз айының ортасына дейін аяқтау жоспарланып отырғанын хабарлады. Өңір басшысы зауыт қызметі алтын өндіру және басқа да салаларда сұранысқа ие стратегиялық өнім шығару арқылы еліміздің импортқа тәуелділігін азайтуға және өнеркәсіптік қауіпсіздікті нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. Зауыт ішкі нарықты толық қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттық әлеуетін нығайтып келеді.
Сондай-ақ Ербол Қарашөкеев өңірдің серпінді инвестициялық жобалары мен инвестициялық саясатының негізгі бағыттары туралы айтып, Жамбыл облысының тұрақты дамуы үшін стратегиялық серіктестерді тартудың маңыздылығын атап өтті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




