Басты жаңалық
Қарағандыда 6 тоннаға жуық прекурсор мен 35 келі дайын психотроптық зат тәркіленді
- author «Ақ жол»
- 5 маусым, 2025
- 1.5k
"Қарасора — 2025" жедел алдын алу іс-шарасы аясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Арлан" арнайы мақсаттағы жасағымен бірлесіп, Қарағанды облыстық прокуратураның қолдауымен көлеңкелі есірткі бизнесіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Шахтинск қаласына қарасты Северо-Западный кентінің аумағында орналасқан жасырын зертхананың қызметі тоқтатылды. Онда синтетикалық есірткі өндірілген. Заңсыз айналымнан 6 тоннаға жуық прекурсор мен 35 келі дайын психотроптық зат тәркіленді. Бұл — 1 миллионнан астам дозаға тең.
Операция барысында Шахтинск қаласының 27 және 29 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Тінту кезінде олардың тұрғылықты жерінен 355 канистр химиялық зат, ондаған зертханалық құрылғылар (сорғыш жүйелер, индукциялық плиталар, респираторлар және арнайы техникалар), сондай-ақ қылмыстық мақсатта пайдаланылған деп болжанған үш автокөлік тәркіленді.
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев қазақстандықтарға Үндеу жасады
- 23 наурыз, 2026
Президент қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
- 21 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




