Жүз мың адам дауыс берген сайыстың бас жүлдесі кімге бұйырды?
- author «Ақ жол»
- 5 маусым, 2025
- 836
– XX «Жұлдызай» республикалық балалар шығармашылығы фестивалі осы жылдар ішінде ел аумағында қанат жайып, республикалық деңгейге дейін өсті. Бұл фестиваль еліміздің өңірлеріндегі талантты, дарынды балалардың басын қосты, – деді вице-министр.
Ал мерейтойлық фестивальдің Гран-при жүлдесі жерлесіміз, Байзақ ауданы Абай атындағы орта мектептің оқушысы Інжу Тілеужанға бұйырды. Ең талантты баланы таңдау үшін 100 мың отандасымыз дауыс берген. Бұдан бөлек бұл сайыста Тараз қаласындағы М.Жұмабаев атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Ерасыл Ермекбай арнайы ынталандыру сыйлығына ие болды. Айтулы білім бәйгесінде көзге түскен қос оқушыны облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов арнайы қабылдап, құрмет көрсетті. Сондай-ақ басқосуда Інжудің анасы Гүлназ Жұмасаева мен жетекшісі Роза Саржановаға, Ерасылдың анасы Гүлнұр Құлтуреева мен жетекшісі Қарлығаш Төреқұловаға облыс әкімінің орынбасары атынан Алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.
– Расында оқушылардың жарқын жетістіктерінің жолында кәсіби біліктілігі жоғары, жанашыр да жауапты ұстаздардың еңбегі жатқаны анық. Балалардың бойындағы өнерді ашып, оларға сенім сыйлап, үлкен сахнаға жетелеу – нағыз ұстаздық миссияның көрінісі. Осындай әсерлі кездесулер ерекше балалардың шын мәнінде қаншалықты мықты, шексіз мүмкіндіктерге ие екенін тағы бір дәлелдейді. Олардың көзіндегі үміт, жүрегіндегі қуаныш – біз үшін ең үлкен марапат. Ал өнерлері мен таланттары республика көлемінде танылып жатқаны – біз үшін үлкен мақтаныш, – деген Серік Жақсылықұлы жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, жас өрендердің болашақтарына сәттілік тіледі.
Байқау жеңімпазының жұлдызды сәті мен жерлестерінің күтіп алу салтанатын газетіміздің 8-ші бетінен оқи аласыздар.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар дәрілік заттардың бағалары 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді
- 4 желтоқсан, 2025
Көкбастауда «Этно ауыл» кешені ашылды
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




