Сол 1990 жылы туған жерге оралып, халық депутаттары аудандық кеңесінің төрағасы, Қазақстан Компартиясы аудандық комитетінің бірінші хатшысы қызметін қоса алып жүрді. Өмекең бұл жауапты қызметті 1995 жылға дейін, яғни, еліміз, оның ішінде ауданымыз үшін қиын саналған өтпелі кезеңдерде үлкен жауапкершілікпен атқарды. Әсіресе, ауыл шаруашылығы үшін өте маңызды – тау жайылымындағы Сандық, Құмбел мен Қарақыстаққа апаратын жолдардың жөнделуіне септігін тигізді. Мен өзім Жамбыл бөлімшесінде туып, жастайымнан ұжымшарда еңбек еттім.
Бізде ауылға апаратын төте жол, ауыз су және газ мәселесі мен елді мекендегі демографиялық ахуал жақсарған сайын бастауыш мектептің орнына орта мектеп салу проблемалары туындап тұрған қиын кезеңдер болды. Міне, осы тұста елдің осы аманаттарын арқалап, Өмен Қырғызбаевқа арнайы барып жолыққан да едім. Әрине, онсыз да кезең-кезеңімен іске асырылуы тиіс осы жұмыстар сол кезде Өмекеңнің тікелей қадағалауымен жүзеге аса бастады.
Нәтижесінде, ауылдағы еңбекші қауым инфрақұрылымдық жетістіктерге ие болып, олардың әлеуеті артқан-ды. Ал орта мектептің салынуына ауыл ақсақалы Құралбай Әмірәлиев пен мектептің сол кездегі директоры Әшіркүл Қасымова көп үлес қосқанын да айта кетейік. Жалпы алғанда Меркі ауданы жеке әкімшілік өңір болып бөлінген кезеңнен бері қаншама жылдар ішінде аймақ пен ел қамын жоғары қойған көптеген басшылар ауданымыздың әлеуметтік экономикалық дамуына сүбелі үлестерін қосып, өз қолтаңбаларын қалдырды. Иә, жылдар өтеді, басшылар ауысады. Бірақ ел үшін адал еңбек атқарған атпал азаматтардың есімі ел есінен шықпақ емес.
Әшен ҚЫРҒАБАҚҰЛЫ,
еңбек ардагері.
Меркі ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Әлемдік трансформация көлеңкесіндегі Қазақстан экономикасының болашағы
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




