Байқаудың бірінші кезеңі бойынша «Жанға шипа, жүрекке жылу сыйлайтын мейіргер» атты үй тапсырмасы берілді. Бұл орайда қатысушылар «Мейірімділік» ұғымының мәнін ашып беруі шарт. Олар дайындықтарына қарай мүмкіндіктерін көрсетіп жатты. Яғни, бұл жерде науқасқа көрсетілетін жәрдемнен бұрын мейірбикенің жылы қабағы, қамқорлығы, жылы сөзі маңызды екенін байқаймыз.
«Тәжірибелік дағдыларды бағалау» атты екінші кезең аталған мамандықты жан-жақты меңгеруге қатысты болды. Үміткерлер «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыретіне кіретін модельдер туралы жан-жақты айтып, жеңіске құштарлықтарын және болашақ мамандықтарына дайын екендіктерін байқатты. Байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерік Мұсабаев та байқауды қонақ ретінде тамашалады. «Мұндай байқаулардың болашақ мейірбикелерге берер маңызы зор. Себебі жанына шипа тілеп барған әр адамды алдымен мейірбикелер қарсы алады. Олардың науқаспен сөйлесуі аса маңызды», – дейді ол.
Қазылар алқасының шешімімен байқаудың бірінші жүлдесін Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенті Әдемі Марат иеленсе, оның әріптесі Аружан Сатылған екінші жүлдеге лайық деп танылды. Үздік үштікке «Тараз – Болашақ» жоғары колледжінің студенті Назерке Абдиахман да кіріп, үшінші жүлдені иеленді. «Шебер мейіргер» аталымы «Тараз – Болашақ» жоғары колледжінің студенті Жанел Рыскелдіге, «Үздік күтім мейіргері» аталымы «Әлем» кәсіби білім колледжінің студенті Ақмаржан Тұрғанбайға берілді.
Жамбыл жоғары медициналық колледжінің директоры Жәмила Сарыбекова және қазылар алқасы жеңімпаз бен жүлдегерлерді марапаттады. Бұл байқау өңірімізде денсаулық саласына сапалы қызмет ететін жас мейірбикелердің қалыптасып келе жатқанын байқатты.
«MEDSKILLS ZHAMBYL – 2025» облыстық кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпазы Әдемі Марат биыл қыркүйек-қазан айында Талдықорған қаласында, Талдықорған жоғары медициналық колледжінің ұйымдастыруымен өтетін республикалық чемпионатқа жолдама алады.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Әлемдік трансформация көлеңкесіндегі Қазақстан экономикасының болашағы
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




