– Халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету, оларды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басты міндеттерінің бірі. Бүгін пайдалануға беріліп отырған тұрғын үйлер Мемлекет басшысының әлеуметтік бағыттағы саясатының ауданымызда нақты жүзеге асып жатқан айқын дәлелі. Бұл елдің қамын ойлаған бірліктің, тұрақтылықтың жемісі деп білемін. Жаңа қоныс баршаңызға құтты болсын! – деді аудан әкімі.
Жаңа тұрғын үйлер Қордай ауылының «Шығыс» шағынауданында орналасқан. Барлық баспана екі бөлмелі, оның ішінде жатын және қонақ бөлмелері, сондай-ақ ас бөлмесі мен әжетхана қарастырылған.
– Мен үшін бүгін қуанышқа толы күн. Көптен күткен сәтке де жеттім, – деді шарада сөз алған Карина Қасымбекова. – Ата-ана қамқорлығынсыз қалғаннан бері өз үйім болса екен деген арманым болған. Сол тілегім бүгін орындалып отыр. Салтанатты шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет қоныстой иелерін құттықтап, бақыт пен шаттық тіледі.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Журналист Эльмира Мырза-Ғали "Құрмет" орденінің иегері атанды
- 19 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




