Жол сапасының нашарлауында жүк көліктерінің «үлесі» зор
- author «Ақ жол»
- 30 мамыр, 2025
- 208

Десе де, осынау жолдарға ауыр жүк көліктерінен келетін залал аз емес. Айталық, дәл қазір Әулиеата өңіріндегі қалалық және жол құрылыстарында сондай-ақ өзге де нысандарда 4 мыңға жуық самосвал көліктер пайдаланылуда. Мамандар салмағы аса ауыр темір тұлпарларды қанша жерден бақылағанмен, ережеге бағынбайтын кейбір жүгенсіз жүк көліктерінің қозғалысы толастамай тұрғанын айтады.
– Мәселен, «Нowo», «Shacman» және «Man» маркалы көліктердің жүк көтергіштері 25 тоннаны құрайды. Алайда, салмағы 15 тоннаға жуық көліктердегі жүк көлемі 40 тоннадан асып түседі. Осылайша, мұндағы жүктеме тиісті құжаттағы стандарттардан да жоғары. биылдан бастап орташа жөндеуге ведомстволық сараптама жүргізу үшін жобалаушылардан жобалық-техникалық құжаттамаға жүктерді тасымалдау мақсатында салмағы 15 тоннадан артық емес жүк көліктерінің жүруін талап етілуде. Бұл өз кезегінде автожолдардағы ақаулардың алдын алып, тас жолдың тез тозуына тосқауыл болады деп күтілуде, – дейді «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» облыстық филиалының зертхана меңгерушісі Дәурен Хасенов.
Айта кетейік, бүгінгі таңда облыс аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 10 038 шақырымды құрайды. Оның ішінде, 1 237 километр республикалық, 1 756 шақырым облыстық және 1 383 километр аудандық маңызы бар автомобиль жолдары.
Есен ӨТЕУЛІ,
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді