Тоқаев «Байқоңыр» ғарыш айлағы жайлы видео үндеу жолдады
- author «Ақ жол»
- 2 маусым, 2025
- 1.1k
Президент бейне үндеуде «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылу тарихына тоқталып, стратегиялық маңызы бар нысанның маңызын атап өтті.
"Құрметті достар! Қадірлі ғарыш саласының қызметкерлері мен ардагерлері! Баршаңызды «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылғанына 70 жыл толуымен құттықтаймын! 1957 жылы дәл осы арадан жасанды Жер серігі ұшырылып, ғарышты игеру дәуірі басталды. Көп ұзамай, 1961 жылы айлақтан тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин көк жүзіне аттанды. Бұл тарихи оқиға жаһан жұртшылығын біріктіріп, адамзаттың ғылым мен өркениет прогресіне деген сенімін нығайтты. Содан бері Байқоңырдан мыңдаған Жер серігі ұшырылып, ондаған миссия орындалды. Мұнда көрнекті ғалымдар, конструкторлар мен инженерлер жұмыс істеді. Ұлы жетістіктердің бастауында тұрған барлық маманға шексіз ризашылығымды білдіремін! Біз әлемдегі ең ірі ғарыш айлағының қазақ жерінде орналасқанын ерекше мақтан тұтамыз. Халқымыздың қаһарман ұлдары Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов осы арадан космосқа аттанды. Еліміз халықаралық ғарышты игеру ісінің белсенді мүшесі саналады. «Байқоңыр» айлағы – Қазақстан мен Ресейдің достыққа, тату көршілікке және өзара түсіністікке негізделген ұзақмерзімді стратегиялық серіктестігінің жарқын көрінісі. Соңғы онжылдықтарда Қазақстан ұлттық экономиканың дамуына ықпал ететін бірқатар ауқымды ғарыш жобаларын іске асырды. Еліміз Байқоңырды халықаралық ынтымақтастықтың, ғылым мен білімнің және туризмнің орталығына айналдыруға ұмтылады. Ғарыш қызметінің жаңа нарықтарына шығу, жас инженерлердің, конструкторлар мен ғалымдардың әлеуетін арттыру жарқын болашаққа жол ашады", – деді Президент өз сөзінде.
Ұқсас жаңалықтар
«Заң мен тәртіп – біздің ұстаным» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді
- 3 желтоқсан, 2025
Жамбылда 10 мыңға жуық тұрғын құқықтық кеңес алды
- 3 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




