Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Жамбыл филиалымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы
- author «Ақ жол»
- 31 мамыр, 2025
- 373

«Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 04.04.2019 ж. № 49 қаулысына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Жамбыл филиалы (бұдан әрі – Филиал) «Уәкілетті ұйымдарға берілетін қолма қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді. Осы мемлекеттік қызметті алу үшін «Электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталының «электрондық лицензиялау» бөліміне (www.elicense.kz) өту қажет.
Мемлекеттік қызметтерді алудың маңызды шарты – заңды тұлғаның жарамды электрондық цифрлық қолтаңбасының болуы. «Уәкілетті ұйымдарға берілетін қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсетуге процестің сипатын, көрсету нысанын, мазмұнын және нәтижесін, сондай ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге мәліметтерді қамтитын негізгі талаптар тізбесі Қағидаларға 4-1-қосымшада белгіленген.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – «Электрондық үкімет» www.egov. kz веб-порталында өтініш тіркелген күннен бастап, лицензия мен оған қосымша 20 жұмыс күні ішінде, қолданыстағы лицензияға қосымша беру және лицензияны және (немесе) оған қосымшаны қайта ресімдеу 10 жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады. Осы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі Қағидалардың 4-1 қосымшасында және Қағидалардың 12, 13-тармақтарында айқындалған. Құжаттардың толық емес пакеті ұсынылған жағдайда, қызметті алушыға өтініш берген күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетіле алмайтыны туралы ескертіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері бойынша филиал лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны береді, қайта ресімдейді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды ұсынады. Бұл қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Қызметтің осы түрімен айналысу құқығына лицензия бергені үшін лицензиялық алым 40 айлық есептік көрсеткішті (АЕК), лицензияны қайта ресімдеу үшін алым лицензия берген кездегі ставканың 10 пайызын құрайды. Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электронды түрде қызметті алушының «Электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталындағы жеке кабинетіне Филиал басшысының электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжат түрінде жіберіледі.
Мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсету тәртібі туралы толығырақ ақпарат www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Ұлттық Банк жайлы – Азаматтар мен бизнеске – Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері – Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде, сондай-ақ «Электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталында «Бизнеске – Лицензиялау және аккредиттеу – Лицензиялау» бөлімінде орналасқан. Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Бекзат ҚОЖАЕВА,
ҚР Ұлттық Банкінің Жамбыл филиалы Валюталық операцияларды бақылау бөлімінің бас маман-экономисі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- Бүгін, 12:16
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді