Ербол Қарашөкеев «Түйте» каналының абаттандыру жұмыстарымен танысты
- author «Ақ жол»
- 31 мамыр, 2025
- 276

«Ұлы дала» (15) шағынауданы мен «Бұрыл» алқабының арасын жалғап жатқан «Түйте» каналы абаттандырудан өтіп, жаңаша кейіпке енді. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев абаттандыру жұмысының нәтижесімен танысып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков атқарылған жұмыстар туралы баяндап, алдағы уақытқа жоспарланған «Үшбұлақ» және «Қарасу» каналдарын абаттандыру жобаларын таныстырды.
Өз кезегінде Ербол Қарашөкеев Тараз қаласында жалпы ұзындығы 82 шақырымды құрайтын 8 ирригациялық канал бар екенін атап өтті. Бұл қала инфрақұрылымының басты артықшылықтарының бірі саналады.
Өңір басшысы бюджет мүмкіншілігін ескере отырып, каналдарды кезең-кезеңімен жаңғырту бойынша тапсырма берді. Аталған каналды абаттандыру аясында «СенімҚұрылысСервис» ЖШС ауқымды жұмыс атқарды.
Атап айтқанда, 1, 738 шақырым канал жағалауы абаттандырылып, 9,1 шақырым тротуар салынды. 13,5 мың шаршы метр аумаққа жабын төселіп, 11,3 мың шаршы метр жер көгалдандырылды. Су арнасы аумағындағы оң өзгерістер тұрғындардың да көңілінен шыққан. Зейнеткер Шарапат Сайлаубаева бұл жұмыстарға ризашылығын білдірді.
– Бұрын бұл маңды қамыс басып, қараусыз күйде жататын. Қазір канал аумағы адам танымастай өзгеріп, қала тұрғындарының тынығып, серуендейтін сүйікті орнына айналды. Әсіресе кешкі уақытта демалып, замандастарымызбен әңгіме-дүкен құруға өте қолайлы, – деді ол тұрғындар атынан алғысын жеткізіп.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Тендер арқылы табыс табудың жолы қайсы?
- 5 маусым, 2025
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді