Департаментпен жүргізілген тексерудің нәтижесінде «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсетуден негізсіз бас тарту деректері анықталды.
Нақтырақ айтқанда, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне жұмыс орнынан анықтаманың жоқтығына сілтеме жасалып, тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қоюдан 21 азаматқа негізсіз бас тартылған. Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Департаментпен олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдау туралы ұсыныс енгізілді.
Нәтижесінде 21 қызмет алушы бюджеттік ұйымның қызметкері ретінде тұрғын үй алу кезегіне қойылып, олардың құқықтары толық қалпына келтірілді.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылған және заңды құқықтарыңыз бұзылған жағдайларда, Сіз ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне Тараз қаласы, Рысбек батыр бұрылысы, 8А мекенжайына немесе 8(7262) 438808 нөмірі, сондай-ақ «EgovKzBot» платформасы және «08.Onay.qyzmet» Телеграм-каналы арқылы хабарласа аласыз.
Өтінішті «E-otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы да беруге болады.
Р.Шарипов,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы
Ұқсас жаңалықтар
Жалған сөздің жазасы ауыр
- 4 желтоқсан, 2025
Ата-анасы бөлек тұратын баланың құқығы қорғалған ба?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




