
Осы жылы ақылы өткізілген қаңтар айындағы тестілеуге мектеп бітірушілердің 76 пайызы, наурыз айындағы тестілеуге 64 пайызы қатысты. 16 мамырда басталған мемлекеттік білім беру гранты үшін өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге 3 902 түлектің 3 240-ы өтініш беріп, екі мүмкіндік бойынша тест тапсыратын болады.
Тараз қалалық білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарованың мәлімдеуінше, биыл тестілеу «Қарасу» мөлтекауданы, №5А мекенжайында орналасқан Ұлттық тестілеу орталығының Тараз қаласындағы филиалында өтуде. Бір күнде екі ауысыммен 490 оқушы тест тапсырады. Оқушылардың жазғы демалысқа шыққан сәтін пайдаланып, білім беру мекемелерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу – жылдағы дәстүр.
Биылға №7, 15, 27 мектептердің жанынан жапсарлас ғимарат, №1, 13, 25, 45, 54 мектепте күрделі жөндеу жұмысы жоспарланған. Бүгінгі күні №7, 15 мектеп-гимназияларда 300 орынды жапсарлас ғимарат құрылысы мен №25 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қалған 5 мектептегі жұмыстар оқу жылы толық аяқталғаннан кейін басталатын болады.
– Бүгінгі күні №7 мектеп-гимназия оқушылары сәуір айынан бастап №9, 32, 37, 38 орта мектептерде, №15 мектеп гимназия оқушылары №16, 24, 33 орта мектептерде, №25 орта мектеп оқушылары №42, 51 орта мектептерде білім алуда. Осыған сәйкес, аталған мектептердің соңғы қоңырау іс-шаралары уақытша білім алып жатқан мектептерде өткізілді. Жазғы демалыстағы оқушылардың лагерьмен қамтылуына тоқтала кетсем, мектеп оқушыларының 70 пайызы қамтылады деп жоспарланып отыр. Қала сыртындағы лагерьде 2 700 бала, мектеп жанындағы лагерьде 56 917 оқушы жазғы демалысты тиімді өткізеді. Бұл мақсатта барлық мектеп жанында демалыс лагерьлері жұмыс істейтін болады. Жекеленген санаттағы балалар қала сыртындағы демалыс лагерьлерінде демалады. Қаладағы 70 мектептің жанында жазғы лагерь 1 маусымда жұмысын бастайды. Құрылыс және күрделі жөндеу жұмысы жүргізілетін 8 мектептің оқушылары үшін демалыс жақын маңайдағы мектептерде ұйымдастырылады. Биыл мектеп жанындағы лагерьге қамтылады деп жоспарланып отырған 56 917 баланың ішінде аз қамтылған және көпбалалы отбасының 11 369 баласы бір мезгілдік ыстық тамақпен қамтылады. Бұл мақсатта бюджеттен 62 миллион 529 мың теңге қарастырылды. Сонымен қатар, қала сыртындағы демалыс лагерьлеріне баратын 2 700 баланың демалысына 170 миллион 100 мың теңге қарастырылды, – дейді Раушан Пернешқызы.
Айта кетейік, қала сыртындағы лагерьге баратын оқушылардың 1 488-і «Тау самалы» лагерінде 7 кезеңмен, 1 212-сі «Болашақ» лагерінде 4 кезеңмен демалмақшы.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Ақпарат
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді