Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды
- author «Ақ жол»
- 27 мамыр, 2025
- 1.4k
Сержан Сәрсенбекұлы 1986 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін, Германия Федеративтік Республикасындағы Билефельд университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау мектебін және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім алған.
«Қоғамдық денсаулық» мамандығы бойынша «денсаулық сақтау саласындағы ғылым» магистрі және «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша «бизнес және менеджмент» магистрі. Қазақ, орыс, ағылшын, түрік және неміс тілдерін меңгерген. Еңбек жолын «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ ғылым және білім департаментінің бас менеджері болып бастаған.
Әр жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жүзеге асыру жобасының басшысы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Үйлестіру тобының жетекшісі, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының штаб-пәтеріндегі Қазақстан Республикасының өкілі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК Жаһандық денсаулық сақтауды дамыту орталығының басшысы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК басқарушы директоры, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұлттық қызметкері, «Сапалы мед қызмет» сервистік компаниялар қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы қызметтерін атқарған.
Ұқсас жаңалықтар
Көмірден электр энергиясын өндіру қолға алынбақ
- 9 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




