Спорт министрлігі 26 мамыр мен 1 маусым аралығындағы жарыстар кестесін жариялады
- author «Ақ жол»
- 26 мамыр, 2025
- 611

26–28 мамыр: Сурдо дзюдодан Қазақстан кубогі
Жарысқа еліміздің 16 өңірінен 110-нан астам спортшы қатысады.
Өтетін орны: Ақтау қаласы
27–31 мамыр: Жеңіл атлетикадан XXVI Азия чемпионаты
Сары құрлық додасында ел намысын 27 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Гуми қаласы, Оңтүстік Корея
27 мамыр – 6 маусым: Пара нысана көздеуден Әлем кубогі
Турнирде 3 отандасымыз өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Чханвон қаласы, Оңтүстік Корея
28 мамыр – 1 маусым: Грек-рим күресінен жастар арасындағы халықаралық турнир
Бозкілемде 8 жерлесіміз белдеседі.
Өтетін орны: Пореч қаласы, Хорватия
30 мамыр – 1 маусым: Каратэден Karate1 Premier League халықаралық турнирі
Жарысқа 67 елден 400 спортшы қатысады. Қазақстан құрамасынан 13 спортшы бақ сынайды.
Өтетін орны: Рабат қаласы, Марокко
30 мамыр – 2 маусым: Қоян-қолтық ұрыстан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты
Турнирде 38 спортшымыз жүлдеге таласады.
Өтетін орны: Бурса қаласы, Түркия
31 мамыр – 1 маусым: Би спортынан Қазақстан чемпионаты мен кубогі
Жарысқа еліміздің 11 өңірінен 700 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Ақтау қаласы
31 мамыр – 1 маусым: Шинкиокушинкай каратэден 8-ші әлем чемпионаты (фулл-контакт каратэден 1-ші әлем чемпионаты)
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы сынға түседі.
Өтетін орны: Токио қаласы, Жапония
Ұқсас жаңалықтар
Конституция күні: Ата Заңның қоғам өміріндегі орны
- 21 тамыз, 2025
Мойынқұмда бір гигаваттық жел электр стансасы салынады
- 21 тамыз, 2025
Ақпарат
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Қоғамдық көлік: саны да сапасы да артып келеді
- 17 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді