Таразда өткен «Ойлан, тап!» республикалық олимпиадасында үздіктер анықталды
- author «Ақ жол»
- 13 мамыр, 2025
- 1.6k
Білім сайысының қорытынды кезеңіне еліміздің түкпір-түкпірінен 150 талантты оқушы, 50-ге жуық команда жетекшілері, қазылар алқасы мен арнайы қонақтар қатысты.
Олимпиаданың басты мақсаты – оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, теориялық білімдерін тереңдетіп, практикалық дағдыларын жетілдіру және дарынды оқушыларды қолдау.

Білім бәсекесінің салтанатты жабылу рәсіміне Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Мұхтарбай Өтелбаев Өтелбайұлы, шәкірттері – профессор Қошанов Бақытбек Дәнебекұлы және профессор Біргебаев Ақтай Біргебайұлы, олимпиаданың бас серіктесі – «The Ulytau Educational Foundation» қоғамдық қорының өкілдері: қор директорының орынбасары Абенов Серік Әбділнасырұлы мен жобаларды басқару департаментінің басшысы Ешимова Рсалда Советқызы қатысты.
Қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған оқушылар І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды:
• І орын (13 оқушы) – Apple Watch смарт сағаттары
• ІІ орын (20 оқушы) – AirPods сымсыз құлаққаптары
• ІІІ орын (31 оқушы) – портативті проекторлар
• 14 оқушыға – арнайы марапат грамоталары
Абсолютті чемпиондар:
• Саурбаев Динмұхамед – Алматы қаласы, Nurorda Almaty мектеп-лицейі, 7-сынып
• Күнғожин Абзал – Алматы қаласы, Республикалық физика-математика мектебі, 8-сынып
Бұл оқушыларға «The Ulytau Educational Foundation» қорының атынан iPad планшеттері табысталды.
“Ең үздік команда – 2025” атағын Ақтөбе облысы жеңіп алды.
Айта кетейік, аталмыш олимпиада – Қазақстан ғылымына өлшеусіз үлес қосқан академик, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Мұхтарбай Өтелбаевтың құрметіне орай ұйымдастырылды.
Бұл бастама жас математиктерге серпін беріп, еліміздің білімді, ойлы ұрпағын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам екені сөзсіз.
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




