Жаңалықтар
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы: батырлар рухына тағзым етілді
- author «Ақ жол»
- 9 мамыр, 2025
- 1.2k
Бүгін, 9 мамыр – Жеңіс күніне орай Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында орналасқан батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Тәрбиелік тағылымы мол жиынға аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев, облыстық мәслихат хатшысы, қала әкімі, құқық қорғау органдары мен этномәдени орталықтардың өкілдері және ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.
Сонымен бірге салтанатты шараға тыл еңбеккерлері мен Ұлы отан соғында опат болған батырлардың ұрпақтары жиналды.

Гүл қою рәсімінде көпшілік қиян-кескі ұрыс даласында Жеңіс үшін жанын қиған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Айта кетейік, қазіргі таңда Жамбыл облысында небары 5 ҰОС ардагері қалды. Атап айтқанда, олардың қатарында Мүтәліп Ережепбаев, Генадий Иванов, Иван Макеев, Григорий Нещеретнев және Шалданбай Шаңбаев бар.
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




