Қазақстан мен Вьетнам Әділет министрлері ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды
- author «Ақ жол»
- 6 мамыр, 2025
- 1.4k
Сапар барысында ҚР Әділет министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Әділет министрлігі арасында 2025–2027 жылдарға арналған Ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды. Құжатқа ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев пен Вьетнамның Әділет министрі Нгуен Хай Нинь қол қойды.
Аталған бағдарлама тараптардың өзара ынтымақтастық салаларын келесі салалар бойынша нығайтады және кеңейтеді:
1) азаматтық істер бойынша заң көмегі;
2) аяқталған мәмілелерді тіркеу, сот ісін жүргізу кезінде заң көмегін ұйымдастыру және көрсету;
3) азаматтық істер бойынша сот шешімдерін орындау саласында тәжірибе алмасу;
4) сот сараптамасы саласында тәжірибе алмасу;
5) құқықтық саладағы басылымдармен және құжаттармен алмасу.
Екіжақты құжатқа қол қою екі ведомствоның заң саласындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын дамытуға ықпал етеді.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




