«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Әскердің әлеуеті техникасының көптігімен өлшенбейді

Әскердің әлеуеті техникасының көптігімен өлшенбейді
Автор
Кез келген елдің әскерінің әлеуеті – бомбалаушы ұшақтары мен артиллериясының, шабуылдаушы танкілері мен дрондарының көптігімен өлшенбейді. Қарулы Күштер құрамында майдан даласында қолына қару алып жүрмесе де, әскердің дұрыс әрекет етуі үшін бағыт-бағдар беріп, жол сілтеп отыратын дербес бөліністер бар. Соның бірі – топогеодезиялық қызмет. Бұл жедел жауынгерлік қамтамасыз етудің маңызды түрі саналады. Әскери өнер теориясының негізін қалаушылардың бірі Ф.Ллойд: «Жер – соғыстың жалғыз ұлы кітабы: кім оны оқи алмаса, қаһарман деген атақпен шектеліп, генерал болудан үмітін үзгені дұрыс» – деген екен. Расында, топогеодезистер ұсынатын сенімді деректер болмаса, майдан даласында шешім қабылдау мен жоспар құру, жауынгерлік іс-қимыл жүргізу өте қиын, тіпті кейде мүмкін емес. Одан қалды, әскер тектері арасында байланыс орнату мен оларды басқару, қару-жарақ пен әскери техниканы тиімді қолдану үшін де топогеодезиялық қамтамасыз ету қызметінің маңызы зор.

Естеріңізде болса, 1992 жылдың 30 қаңтарында Қарулы Күштеріміздің құрамында топографиялық қызмет бөлінісі құрылған еді. Бұл қызметтің тарихы 1969 жылы 24 маусымда Алматыда құрылған КСРО Ортаазиялық әскери округі топографиялық қызметімен тығыз байланысты. Тәуелсіздік алғаннан кейін де топографтардың даңқты дәстүрі жалғасын тауып, кейінгі 30 жылдан аса уақыт ішінде қызмет атауы түрліше өзгеріп, бүгінде геоақпараттық қамтамасыз ету департаменті деген атпен жұмыс істеп жатыр.

Әр жылдары оны А.Чернов, Е.Маусымбеков, Н.Қарабалаев, М.Саматов, М.Жанпейісов, С.Герасимов секілді майталмандар басқарды. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл қызметтің ең басты мақсаты – әскерді картамен қамтамасыз ету. Сол арқылы қолбасшылар қалай әрекет ету, қай жаққа бару керек екені жайында шешім қабылдайды. КСРО құлаған кезде барлық топогеодезиялық жасақ пен картографиялық фабрикалар, картографиялық бөлімдер Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей Федерациясының аумақтарында қалып қойған еді. Ал, біздің жерімізде орталыққа бағынатын екі топографиялық карталар қоймасы мен бір топографиялық бөлім, яғни 92835 әскери бөлімі ғана болды.

1997 жылы штаттық өзгерістерге сай аталған қоймалар әскери бөліммен қосылып, топографиялық базаға біріктірілді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында топогеодезиялық қамтамасыз ету қызметінің алдында әскерді картамен үзіліссіз қамту, сондай ақ арнайы карталар мен жергілікті жердің макеттерін дайындау міндеті қойылды.

«Топографиялық қызметтің даму тарихындағы айрықша кезеңнің бірі – 1998 жыл мен 2001 жыл аралығы. Осы уақытта «Қазақстан ГИС орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылып, цифрлық картография мәселесін шешуге бел шеше кірісті. Оның міндеті қағаз карталарды цифрландырып, әскерді қамтамасыз ету еді», – дейді Қарулы Күштер Бас штабы геоақпараттық қамтамасыз ету департаментінің бастығы, полковник Серік Жолдыбаев.

Иә, заман көші орнында тұрмайды. Жаңа технологиялар өмірге келіп, ғылым алға басқан сайын топогеодезистердің де алдына қойылып отырған міндеттер ауқымы кеңейе түскен. Қазіргі таңда «топогеодезиялық қамтамасыз ету» деген сөздің ішіне әскерді тек картамен жабдықтау емес, навигациялық қамтамасыз ету мен геокеңістікті барлау қызметтері де кіреді.

Бұл аталған бөліністің Қарулы Күштер ішіндегі рөлін бұрынғыдан да биікке көтергені талассыз. Топографиялық қызмет тарихының тағы бір маңызды кезеңі – 2008 және 2011 жылдар аралығын қамтиды.

– Осы жылдары елімізде тұңғыш рет отандық оқу орындарының әскери кафедралары базасында топогеодезиялық білімі бар запастағы офицерлер даярлау қолға алынды. 2011 жылдан топогеодезиялық жұмыс жүргізу үшін әскерді заманауи топогеодезиялық құрылғылармен жабдықтау басталды. Жылжымалы навигациялық кешендер сатып алынып, олар жауынгерлік іс-қимыл жүргізілетін аудандарда топогеодезиялық даярлық мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік берді», – дейді полковник С.Жолдыбаев.

Қазіргі таңда әлемнің барлық дамыған елі «цифрлық майдан даласын», яғни, бірыңғай басқару жүйесін құру бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл жүйе тікелей уақыт режимінде соққы беретін нысандарды табу, ақпарат алмасу, бұйрық беру, әскер мен техниканың жағдайын бақылау сынды өзекті тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.

Жалпы, қазіргі күні еліміздің Қарулы Күштерінде екі жылжымалы кешен бар. Біріншісі – навигациялық топографиялық, екіншісі – навигациялық геодезиялық кешендер. Бұлар барлық қажетті жабдықпен қамтылған. Ал, биыл әскери топографтар қатарына еліміздің 7 мамыр күні өтетін шеру Тәуелсіздік алаңында, «Қазақ елі» монументінің жанында ұйымдастырылады. Ел жүрегінде өтетін бұл көрініске 4 мыңнан астам әскери қызметші, 24 парадтық есептоп, 200-ден аса әскери техника мен қару-жарақ түрлері қатысады.

Сонымен қатар, биылғы шерудің ерекшелігі – әуе шоуының ауқымдылығы. Қазақстанның майдандық, армиялық және әскери көліктік авиациясы қатарынан 66 ұшу аппараты елорда аспанында қалықтайтын болады.

Жас жігіт «Арыстанды» бітірген соң, Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы А.В.Хрулёв атындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету әскери академиясының Әскери қатынас және теміржол әскері институтына оқуға түсіп, оны үздік дипломмен тәмамдады. Бұл жетістік оның білімге, тәртіпке, кәсіби дайындыққа деген жоғары талаптарының көрінісі еді. Туған еліне оралғаннан кейін ол Ұлттық ұлан сапында қызмет атқара бастады. Бүгінде ол – қызметіне шынайы адал жас офицер. Әскери формасын мақтанышпен киіп, әр күнін ел тыныштығы жолындағы міндетіне арнайды.

«Ұлттық ұлан – жауынгерлік жанұя. Мұнда жас офицерлерді қызметтің қыр-сырына баулиды. Әсіресе, жауынгерлік қызмет Бас басқармасында ішкі қолдауды анық сезінесің. Әріптестеріме және басшылыққа алғысым шексіз», – дейді лейтенант.

Шеру үш негізгі бөлімнен тұрады. Алғашқы кезең – жаяу әскердің саптық шеруі. Еліміздің әр түкпірінен жиналған әскери бөлімшелер бой түзей өтіп, ел қорғаныс қуатының айқын бейнесін көрсетпек. Екінші бөлімде көрермендер назарына механикаландырылған колонналар ұсынылады. Бұл қатарда тарихи жауынгерлік техникалар мен қазіргі заманғы заманауи қару-жарақтар өз шеруін өткізеді. Шерудің шарықтау шегі – әуе парады.

Қуатты қозғалтқыштар гүрілі мен аспанды тіліп өтетін авиация – елдің әуе қорғанысының темір қанаты мен айбынды рухының белгісі. Бір сөзбен айтқанда, әуе күштері 7 мамырда толық құрамда Астана аспанында қалықтайды. Бүгінде оның ең жақын достары – «Арыстан» лицейіндегі сыныптастары.

Жылдар мен сынақтардан сүрінбей өткен жігіттердің сол достығы – нағыз бауырластыққа айналған. кезде әскери бағыттағы арнайы оқу орны – «Арыстан» лицейі туралы естиді. Сәтін салып, Ашық есік күні лицейге барған Қасымжомарт тәртіп пен білім үйлескен ерекше ортадан айрықша әсер алады. Білім ордасының архитектурасы, орналасуы, әскери тәртіп пен оқыту сапасы оны жігерлендірді.

«Арыстанға түсу оңай болған жоқ. Мұнда біліммен қатар, ішкі тәртіп, төзімділік пен моральдық дайындық бағаланды. Генерал-майор С.Таулановтың жетекшілігімен біз білім ғана алмай, тұлға ретінде де қалыптастық. Осы жерде жақсылық пен жамандықты айыруды, ар-намыс пен достықты бағалауды, үлкенге құрмет пен ұстанымға адал болуды үйрендім», – дейді ол.

Бастысы, Қасымжомарт Рахымжан өз орнын тапқанына сенімді. Қатардағы әрбір күні – таңдаған жолына деген адалдығының айғағы. Ол отбасына, ұстаздарына, тәрбиелеген командирлеріне шын жүректен алғыс білдіреді. Оның ісі – қызмет ету, мақсаты – қорғаушы болу, болашағы – парызға деген адалдықта тұр. Қасымжомарт секілді жас әрі білімді офицерлер көп болса, еліміздің іргесі берік, көк туымыз мәңгі желбірері анық. қорғаныс-өнеркәсіп кешені жасап шығарған 3 жаңа техника қосылып, отандық өнімдер «Оңтүстік», «Шығыс» пен «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарына берілген.

Айта кетейік, бүгінде Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде, сондай ақ «Astana IT University» де аэрофотогеодезист, астрономогеодезист және картограф мамандықтары бойынша офицерлер даярланады. 2015 жылы Ұлттық қорғаныс университетінде «Геоақпараттық жүйе» және «Әскерді топогеодезиялық қамтамасыз ету» мамандықтары енгізілген.

Полковник С.Жолдыбаев геоақпараттық қамтамасыз ету департаменті әскерді жер туралы дәлме-дәл әрі шынайы ақпарат беру, топографиялық, теңіз және арнайы карталарды дайындау мен басып шығару, зымыран әскерлері мен артиллерияны және әуеге қарсы қорғаныс әскерлерін негізгі астрономиялық-геодезиялық мәліметтермен қамтамасыз ету жұмыстарын атқаратынын айтты.

«Қарулы Күштерге цифрлық геоақпараттық технологияларды енгізу жөніндегі департамент алдына қойылған ауқымды міндеттерді ескере отырып, Қорғаныс министрі еліміздің Қарулы Күштерін геоақпараттық қамтамасыз ету жүйесін дамытудың жол картасын бекітті. Сонымен қатар ел Президенті – Жоғарғы Бас қолбасшы бізге геоақпараттық технологиялар бағытындағы әскери ғылыми әлеуетімізді арттыру бойынша тапсырма жүктеді. Біз алыс-жақын шетелдердің технологиялық даму тәжірибелерін зерделей отырып, осы бағытта үздіксіз жұмыс атқарып келеміз. Бұл тұрғыда біз ТМД елдерінің ішінде көп жағдайда көш басындамыз», – дейді ол.

Қорыта айтқанда, Қарулы Күштеріміз де заман ағымына сай цифрландыру мен жасанды интеллект секілді ғылым жетістіктерін пайдаланудан кенде қалып жатқан жоқ. Ең негізгісі, «бес қаруымыз» сай болу үшін саладағы әрбір мүмкіндікті қалт жібермеген жөн. Бұл – әскеріміздің әлеуетті, аспанымыз ашық, ұйқымыз тыныш болуына өз септігін тигізері сөзсіз.

 

Есен ӨТЕУЛІ

Ұқсас жаңалықтар