«Таза Қазақстан»:» «Киелі мекен» акциясы аясында 12 тонна қоқыс жиналды
- author «Ақ жол»
- 5 мамыр, 2025
- 1.9k
Акция 4 ЕҚТА – «Қарқаралы», «Көкшетау», «Баянауыл», «Ұлытау» ұлттық парктерін қамтыды.
Ұлттық парк қызметкерлері жергілікті тұрғындармен және еріктілермен бірлесіп 12 тоннадан астам қоқыс жинады. Бұл құрғаған бұталар, қыс мезгілінен кейін құлаған ағаштар, тұрмыстық қоқыстар, жапырақтар мен балшық шөгінділері. Іс-шараға 250-ден астам адам қатысты.
Мұндай акциялар бірегей экожүйелерді сақтауға және ЕҚТА-да қоршаған ортаның ластануын болдырмауға бағытталған.
Естеріңізге сала кетейік, «Киелі мекен» акциясы «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы аясында өткізілуде. Іс – шаралардың негізгі бағыттары - аумақтарды абаттандыру, жасыл аймақтарды ұлғайту және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру.
Ұқсас жаңалықтар
Көмірден электр энергиясын өндіру қолға алынбақ
- 9 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




