Экономика
Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа басшысы тағайындалды
- author «Ақ жол»
- 5 мамыр, 2025
- 1.7k
Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Ерғали Егемберды ҚМ МКК Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңа басшыны Төлеген Сәрсембаевты таныстырды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Төлеген Қапсалықұлы Сәрсембаев қаржылық бақылау органдарында 1993 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол Алматы қаласының салық органдарында түрлі қызметті атқарды. Сондай-ақ, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін басқарды.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, кейін Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып еңбек етті.
2023 жылдың шілдесінен 2024 жылдың мамырына дейін ҚР Қаржы министрінің кеңесшісі болып қызмет етті.
2024 жылдың мамырынан бастап 2025 жылдың ақпанына дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысы болып жұмысістеді.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Поэтикалық баттл Күләш Ахметованың шығармашылығына арналды
- 26 ақпан, 2026
Міржақып Дулатов Әулиеатаға қашан келді?
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




