2024 жылға бекітілген тарифтік сметаның, реттелетін қызметтер бойынша бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы «Жамбыл-жылу» МКК есебі
- author «Ақ жол»
- 3 мамыр, 2025
- 302

«Жамбыл-Жылу» МКК кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіндегі 71 коммуналдық қазандықтан жылу энергиясын өндірумен, берумен, таратумен және жеткізумен айналысады.
Кәсіпорынның балансында 45,5 км жылу трассасы, оның ішінде:
– Магистральдық құбырлар – 10,2 км– Орамішілік – 35,3 км. 71 қазандықтан жылу энергиясын тұтынатын кәсіпорындар:
– 174 үйде тұратын қаланың 5 ықшамауданының халқы («Қаратау», «Қарасу» ы/а, «Қарасу» массиві, Асқаров көшесіндегі массив, «Қант кенті» массиві).
– Бюджеттік мекемелер мен ұйымдар (ауруханалар, мектептер, балабақшалар және т.б.) 33 денсаулық сақтау нысаны, оның ішінде Тараз қаласында – 16, 66 білім беру нысаны, оның ішінде Тараз қаласында – 40, Тараз қаласындағы 5 әлеуметтік қорғау объектісі.
2024 жылғы кәсіпорынның жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және жабдықтау тарифтері:
– 2024 жылдың 1 каңтарынан бастап 31 желтоқсанға дейін қолданысқа енгізілген, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің «Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» 25.09.2023 жылғы №74-НҚ бұйрығы; 2024 жылға арналған қолданыстағы тарифтік сметаға түзетулер енгізілді және уәкілетті органның 05.12.2024 жылғы №106-НҚ бұйрығымен бекітілді.
1. Бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы
Инвестициялық бағдарлама Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің 2024 жылға арналған 25.12.2024ж №113-Ө және 25.12.2024 ж. №118-НҚ бірлескен бұйрықтарымен 141565,2 мың теңге сомасында бекітілді. Нақты 2024 жылы инвестициялық бағдарламаны іске асыруға 141616,64 мың теңге бағытталды. Қол жеткізілген нақты көрсеткіштердің бекітілген Инвестициялық бағдарламадағы көрсеткіштерден ауытқуы 51,44 мың теңге. Инвестициялық бағдарлама толығымен 100 пайызға орындалды. Инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру көздері кәсіпорынның жеке қаражаты (амортизациялық аударымдар) болып табылады.
2. Негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштер туралы
2024 жылы «Жамбыл-Жылу» МКК қызмет көрсетудің тиісті сапасын қамтамасыз ететін салалық стандарттардың талаптарына сәйкес пайдалану шығындарын қамтамасыз етті, бекітілген тарифтік сметалардың шығын баптарының орындалмауына жол бермеді, инвестициялық бағдарламаның іс шараларын толық орындады, амортизациялық аударымдардың қаражатын нысаналы мақсаты бойынша пайдаланды. Бекітілген тарифтерді асырмады, негізсіз кіріс алмады және тұтынушыларға залал келтірмеді, қызметкерлердің жалақысы бойынша уақытылы төлемдерді қамтамасыз етті, салықтар мен бюджетке және зейнетақы қорына өзге де төлемдерді төлеу өз мерзімінде аударылды.
3. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы
Кәсіпорынның 2024 жылға арналған бекітілген тарифтік сметасында жылу энергиясын сату бойынша көрсетілетін қызметтердің көзделген көлемі 141116 Гкал. «Жамбыл-Жылу» МКК жұмысы кезеңінде 2024 жылы нақты жылу энергиясын сату көлемі – 135186 Гкал құрады, бұл тарифтік сметада көзделгендерден 5930,021 Гкал немесе 4,2 пайызға кем. Нормативтік-техникалық ысыраптар 25 570 Гкал.
Сату көлемінің төмендеуіне мыналар себеп болды:
• 2024 жылы сыртқы ауа температурасының жоғарылауы. Жылыту кезеңіндегі орташа температура +3,9 °C құрады, бұл ҚНжЕ(СНиП)-ден 2,7 ºC жоғары, ҚНжЕ (СНиП) бойынша сыртқы ауаның орташа температурасы « - « 1,2 °C;
• Екі қазандық (Аса ауылындағы: Айша бибі санаторийі (Грязолечебница) және №84 Бірлесу еңбек ОМ) және төрт тұтынушы – Тараз қаласындағы ЖО фтизиопульмонологиялық диспансердегі (психиатриялық диспансер қазандығынан жылу алатын), Онкологиялық аурухана, қ.Әзірбаев көшесіндегі онкологиялық аурухана корпусы (Онкология қазандығынан жылу алатын )және №1 перзентхана (Ожоговая қазандығынан жылу алатын); жылу энергиясын алудан бас тартуы.
4. Бекітілген тарифтік сметаны баптар бойынша орындау туралы
Талдау нәтижесінде жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және жабдықтауға арналған нақты шығындар 2 313 329,7 мың теңгені құрады, бұл бекітілген 2 744 972,64 мың теңгемен салыстырғанда 18,6%-ға немесе 431 642,94 мың теңгеге төмен. Тарифтік сметада бекітілген шығындар баптарының орындалмауы 5%-дан астам деңгейде келесі баптар бойынша байқалды: «Еңбек ақы шығындары», «Әкімшілік персоналдың еңбек ақысы». Орындалмаудың себебі – жыл ішінде қызметкерлер санының азаюы. Қызметкерлер санының азаюы жаз мезгілінде қазандық кәсіпорындарының уақытша жұмысын тоқтатуы себебінен туындады, бұл кезде өндірістік, өрт қауіпсіздігі және басқа да технологиялық қауіптер айтарлықтай төмендейді.Осы жағдайларда кәсіпорын төмендегі қауіпсіздік ұйымдарымен келісімшарттар жасады:
ЖШС «Город Мастеров» (шарт №7, 2024 жылғы 19 қаңтар),
ЖШС «Пеленг» (шарт №6, 2024 жылғы 19 қаңтар),
ЖШС «Кристал Кулан Күзет». Бұл келісімдер қазандықтарды күзет дабыл пультіне қосу арқылы күзетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді және күзетшілерді тарту қажеттілігін жойды.
Жаз мезгілінде дабыл жүйесі арқылы күзетке көшу тиімді, ұтымды және экономикалық тұрғыдан негізделген шешім болды. Бұл шаралар кәсіпорынның шығындарын азайтуға және нысандардың сенімді күзетін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде: «Еңбек ақы шығындары» бабында 436 475,14 мың теңге мөлшерінде үнемдеу қалыптасты. «Әкімшілік персоналдың еңбек ақысы» бабында 4 151,474 мың теңге мөлшерінде үнемдеу пайда болды, ол кадрлардың ауысуы, бос орындардың болуы, еңбекке жарамсыздық демалыстары мен әкімшілік демалыстарға байланысты туындады. Үнемделген қаражат: кредиторлық берешекті өтеуге, несие бойынша сыйақыны төлеуге,көмір сатып алуға, нотариус қызметтерін төлеуге,айыппұлдарды төлеуге бағытталды.
5. Тұтынушылармен жүргізілетін жұмыс туралы
Заңды тұлғалар мен тұрғын үйлер бойынша тұтынушылардың жылу шаруашылығының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа уақытылы және сапалы дайындығын бақылау жүзеге асырылады.
Тұтынылған жылу энергиясы үшін халықтан түсетін ақшалай қаражат алымдарын ұлғайту үшін мынадай шаралар қабылданды:
– жалға алушылар тұратын пәтер иелерінің деректері нақтыланды;
– сотқа дейінгі шағымдарды таратып, қарызы көп абоненттерді сот органдарына тапсырды;
– жұмыс орны бойынша берешек тізімдерін жібердік;
– тұрғындардан қарызды жинау бойынша кәсіпорынның инженерлік құрамынан 7-10 адамнан тұратын мобильді топтар құрылды;
– бірнеше рет аралау ұйымдастырылды, оның құрамына кәсіпорын қызметкерлері кірді, айналып өту төлем жасамаушылар мен ірі борышкерлер бойынша жүргізілді;
– 135 көшпелі касса өндірілді;
– тұтынушылармен өтеу кестелері жасалды.
6. Қызмет перспективалары туралы
Кәсіпорынның басым міндеттері:
– энергия үнемдеу мәселесін шешу, техникалық және технологиялық ысыраптарды қысқарту, отын – энергетикалық ресурстар шығынының үлестік нормаларын қысқарту;
– есептеу құралдарын көздер мен тұтынушыларда орнату;
– жылумен жабдықтау объектілеріне сапалы жөндеу және қайта жаңарту жүргізу;
– шығындарды оңтайландыру, жалпы шаруашылық шығындарды қысқарту;
– дебиторлық берешекті азайту.
Инвестициялық бағдарлама бойынша 2024 жылға жоспарланған іс-шаралар, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жоғарыда аталған міндеттерді орындауға бағытталған. «Жамбыл – Жылу МКК» әкімшілігі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді